Хабарландыру

05.04.2018
Алмалы ауданы әкімдігінде «Зайырлы мемлекеттегі діннің қоғамдағы салт-дәстүрмен сабақтастығы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Зайырлы мемлекеттегі діннің қоғамдағы салт-дәстүрмен сабақтастығы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аталған конференция Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі және Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткізілді.
Конференцияның мақсаты: діннің қоғамдағы салт-дәстүрмен өзара байланысын, сабақтастығын көрсету. Соның ішінде, ислам дінінің қазақ мәдениетімен, салт-дәстүрімен, ұлттық құндылықтармен өзара үндестігін, бірін бірі толықтырып тұратындығын көрсету.
Аталған іс-шараға арнайы қонақтар, шетелдік және қазақстандық ғалымдар,профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.