Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.06.2017

«Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында Алматы мұражайында қайырымдылық көрсетілім ұйымдастырылды


«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында байланысты аудан мектептерінің үздік оқушыларына арнап, Алматы мұражайында «Алматы қаласының тарихы» атты  қайырымдылық  көрсетілім ұйымдастырды. 



Мұражай құрылымы  11 кезеңге бөлінген 40 мыңнан астам экспонаттармен қамтылған. Кезеңдер «Алматы тарихы», «Алматының ортағасырлық тарихы», «Қазақ мемлекеті», «Жетісу этнографиясы», «Алматының Верный кезеңіндегі тарихы», «ХХ ғасырдағы Алматы», « Мәдениет пен өнердің дамуы», «Альпинизм тарихы», «Желтоқсан», « Алматы және халық көшбасшысы»  және «Бейбітшілік және ынтымақтастық үлгісі» деп аталған. Мұражайда Алматы қаласының даму кезеңінен бастап, қалада мәдениет пен тұрмыс – тіршілік қалыптасуы, қаланың үлкен мегаполис болып қалыптасуы сынды маңызды кезеңдер көрсетілген.



Аталған шара бүлдіршіндердің эстетикалық мәдениетін дамыту, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға арналған.


05.06.2017