Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.08.2016

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық мұражайында ««Алматы – ғасырлар куәсі» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті


Аталмыш Алматы қаласының 1000-жылдығына орай іс-шараны ауданымыздың демалыс орталықтарының 40-қа жуық баласы мен 300-ге жуық аудан тұрғындары тамашалады. 
Алматы қаласының 1000 жылдығын мерекелеу ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясының шешімімен 2016 жылға арналған мерейтойлық және даталы күндерінің Күнтізбесіне ресми түрде енгізілген болатын.Сондықтан ЮНЕСКО-ның халықаралық күнтізбесіндегі Алматы қаласының 1000-жылдығы 2016 жылдың аса маңызды оқиғаларының бірі болып саналады.



Бұл тарихи оқиға отандық және шетелдік аудитория үшін Алматының заманауи мегаполис, ірі мәдени, қаржы-экономикалық және туристік орталық екендігін одан әрі айшықтай түседі.
Осынау айтулы датаға қатысты ұйымдастырылып отырған «Алматы – ғасырлар куәсі» атты көрменің мақсаты – археологиялық зерттеулердің, жазба және нумизматикалық деректердің негізінде Алматының тарихы Х-XI ғасырлардан бастау алатындығы ғылыми дәлелденгенін, ежелгі қола дәуірі, ерте темір, орта ғасырлар, XIX ғ. (Верный қ.) кезеңі мен бүгінгі күнге дейінгі қалыптасу, даму, өркендеу жолын көрсету. Өткені мен бүгінгіні саралай отырып, көрерменнің болашақты бағамдауына ықпал ету.
ҚР Мемлекеттік орталық музейінің қомақты қор коллекциясы негізінде ашылып отырған бұл көрме Алматы қаласының көне заманнан бүгінге дейінгі қалыптасу, дамуымен қатар, экономикалық, саяси және этномәдени үдерісіндегі тарихи мәнді оқиғаларды толық ашып көрсетеді .
Аталған көрмені ұйымдастырушылар- Алматы қаласының әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік орталық музейі.
Шара аясында ҚР Мемлекеттік орталық музейі ғимаратын сәулеттік жарықтандыру қосылатын болады.




05.08.2016