Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.09.2016

Алмалы ауданында «Ақ орамал» атты акциясы өтті


Алмалы ауданында «Ақ орамал» акциясы өтті. «Ақ орамал» акциясы аясында Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен қаладағы №1 перзентханадан дүниеге нәресте әкелген жас аналарға ақ орамал жабылды оларға ауданымыздың құрметті азаматтары жылы лебіздерін арнады, сый-сияпат жасалды. Дүние есігін жаңа ашқан сәбилер елдің елеулі азаматы болсын деп ақ батасын берді.



Қазақ елінің тарихында философиялық мағынасы терең «Ақ орамал» акциясының негізіне дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салты алынған. Ақ түс - ар мен ниет тазалығының белгісі. Ақ – адалдық, пәктік, тазалықтың, символы. Ақ түс – адамзат өмірінің негізі, ана сүтінің түсі. Акция Қазақстан халқы Ассамблеясының  Аналар кеңесі бастамасымен



ұйымдастырылған және ол әлемдік қауіпсіздікті сақтаудағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың рөлін көрсетуге, Вашингтон қаласында өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жарияланған «Әлем XXI ғасыр»   манифесін және Қазақстанның бейбітшіл бастамаларын қолдап, ілгерілетуге бағытталған.



Акцияның басты мақсаты – қазақстандықтарды шығу тегіне, олардың діни, әлеуметтік, басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бейбітшілік идеясы аясында шоғырландыру болып табылады. 
Бейбітшілік пен татулықты, қазақтың салт - дәстүрін дәріптейтін «Ақ орамал» акциясы тамыз айының 5 жұлдызынан басталып, күні бүгінге дейін Қазақсанның (1139 елді мекенінде бір жарым мың игі іс шаралар ұйымдастырылып, оларға жарты миллионнан астам адам қатынасты.



Ондағы мақсат – бейбітшілікті, адамгершілікті, отанға деген сүйіспеншілікті, тарихта орын алған қайғы – қасіреттің зардаптарын жас ұрпаққа ұғындыру, ел мен жерге деген сүіспеншілігін арттыру болып табылады. Жас ұрпақ ана жаулығына кір жұқтырмай, ел бірлігі үшін танбай еңбек етіп, бабалар аманатыны адал болуы тиіс.


05.09.2016