Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.09.2019

Алмалы ауданы әкімі аппаратында аудан активінің жиыны өтті


Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Б.Торғаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылы 2 қыркүйекте «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын талқылауға арналған ауданның идеологиялық активінің жиналысы өтті.







Іс-шараға Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің, денсаулық сақтау, білім беру салаларының бірінші басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, мәдениет қайраткерлері, бизнес құрылымдарының, жастар ұйымдарының және  ҮЕҰ өкілдері қатысты.









Талқылау аясында Алматы қаласы Мəслихатының депутаты, қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы, «Тұран» университетінің ректоры Р.Алшанов, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің стратегиялық даму және халықарылық қатынастар жөніндегі проректоры, саясаттанушы Л.Бөлебаева, Алматы тарихы музейінің жетекшісі Б.Тайшиев, «Алмалы нан», «Той дәмі» ЖШС фирмалық дүкендер желісінің директоры Г.Темешова және қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі, Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының президенті Б. Кисиков Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша баяндама оқыды. 


05.09.2019