Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.10.2018

Алмалы ауданының әкімі ауданның білім саласында жүрген азаматтарын кәсіби мерекелерімен құттықтады


Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев білім беру саласында жүрген азаматтарды сондай-ақ  білім беру саласында  биік деңгейден  көрініп жүрген  ұстаздарды   кәсіби мерекелерімен  құттықтады.





Аталған шарада ЖОО-ы, ОАО-ы, сондай-ақ  мектеп басшылары, мектепке дейінгі  орталық басшылары мен   кездесу жиыны өтті.  Өз құттықтау сөзінде  аудан  әкімі  жыл сайын  ауданда  ашылып  жатқан  білім  ошақтары атап  айтқанда  балабақшалардың  ашылуын  айта келе  материалды-техникалық заттардың жаңартылуына да көп көңіл бөлініп жатқанын айтты. Елбасымыздың  білім беру саласын дамыту  бойынша берген тапсырмасына орай, қазіргі таңда ауданда оңтайлы жұмыстар  атқарылуда. Аудан әкімі мерекелік шараға орай,  қатысушыларға  сондай-ақ  ардагер  ұстаздарға  құттықтау грамоталары мен   қатар шағын  ноутбуктарын  табыстап, жылы  лебізін жеткізді.





Сондай-ақ ауданда  оқушылардың  білімге   деген  қызығушылығын  арттыру мен дамыту  мақсатында  және дарынды балаларды анықтау мен қатар ғылыми  жобалар және т.б олимпиадалық  жарыстар  ұйымдастырылуда. 2017 оқу жылдары аралығында қалалық олимпиада жарыстарында  110 бала олимпиада  жеңімпазы  атанса Алматы  қаласы аудандары арасында  бұл көрсеткіш 2 орынды иеленуде. Республикалық олимпиада жарыстарында  15 бала жеңімпаз атануда.





Сонымен қатар аудандағы 29 мемлекеттік мектеп мекемесі қазіргі заманға сай компьютерлік техникалар мен жабдықталып, ең жоғары  жылдамдықтағы  интернет  желілеріне қосылғаны туралы сөз етілді. Жиын  соңында аудан әкімі білім саласының  қызметкерлерін  тағыда төл мерекелері мен  құттықтап еңбектеріне жеміс зор денсаулық тіледі.


05.10.2018