Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.11.2017

Балалардың күзгі демалысына орай Алмалы ауданында Алматы қаласының аула клубтары арасында шағын футболдан жарыс өтті


Балалардың күзгі демалыстарын тиімді өткізу мақсатында Алматы қаласының демалыс орталықтары арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. 12-15 жастағы балалардан құралған «Арман», «Бәйтерек», «Жетісу», «Динамо», «Жас Ұлан» командалары мини-футболдан бақ сынасып, тартысты сайысқа түсті. «Жетісу» командасы еш жеңіліссіз, аламанның жеңімпазы атанса, екінші орынды «Жас Ұлан» командасы иемденді. Ал үшінші орын «Арман» командасына бұйырды.



Одан бөлек сайыс барысында түрлі номинациялар мен сылықтар ойнатылды. «Ең үздік қақпашы», «Ең үздік ойыншы», «Ең үздік бомбардир» сыңды номанациялар жасөспірімдердің біліктілігі мен көрсеткен өнеріне сай бағаланды.   


Аталмыш жарыс балалардың отансүйгіштік, табандылық, төзімділік қасиеттерін арттыру, салауатты өмір салтын белсенді ұстану мақсатында ұйымдастырылып отыр.



Спортттық іс-шара Алмалы ауданы әкімі аппаратының, «Нұр Отан» партиясыныңАлмалы аудандық филиалының, «Арман» демалыс орталығының мұрындық болуымен, Мұратбаев көшесі, 185 мекен жайында орналасқан тұрғын үйдің ішкі ауласында салынған жаңамини футбол алаңында өтті.





06.11.2017