Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.12.2016

Алмалы ауданы әкімінің мемлекеттік қызметкерлер арасындағы волейбол бойынша жарыстағы кубогын ауданның салық комитетінің командасы жеңіп алды


Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар көлігінің спорт залында Алматы қ. Алмалы ауданының мемлекеттік қызметкерлері мен жұмысшылары арасында Алмалы ауданы әкімі Жасұлан Естеновтің волейбол бойынша кубогының спорттық жарысы аяқталды.



Кубок иегері атану үшін мықты ойыншылардың тең сайысында 10 команда: Алмалы ауданы әкімінің аппараты, Алмалы аудандық прокуратурасы, ІІАБ, Алмалы ауданы мемлекеттік табыс басқармасы, Алматы қ. бойынша Қазынашылық департаментінің Алмалы аудандық Басқармасы, Алматы технологиялық университеті, көлік және коммуникациялар колледжі, технология және флористика колледжі, полиграфиялық колледж, Алмалы ауданы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының командалары қатысты.



Алмалы ауданы мемлекеттік қызметкерлер  мен жұмысшылары арасындағы волейбол бойынша жарыстың басымдылығы келесідегідей болды: бірінші орын мен Алмалы ауданы әкімінің ауыспалы Кубогы Алмалы ауданы Мемлекеттік табыс басқармасының командасына лайықты түрде табысталса, жеңімпаздар кестесіндегі екінші орынға Алматы полиграфиялық колледжі табан тіреді, ал үшінші орын Алмалы ауданы прокуратурасының командасына бұйырды.



Турнир жеңімпаздары құрмет грамоталары және құнды сыйлықтармен, аудан әкімінің кубогымен марапатталды, сондай-ақ, турнирдің үздік ойыншылары да назардан тыс қалмай, мақтау қағаздары ұсынылды.



Жеңімпаздарды құттықтай отырып, Жасұлан Естенов ауданның мемлекеттік қызметкерлерінің ведомствоаралық бөлімшелері ұжымының басын қосып қана қоймай, жеке  физикалық қабілеттерін де сынап көру үшін осындай сайыстардың маңыздылығын атап өтті. Спорттық ойындарға қатысушылардың саны көп болған сайын, соғұрлым көп адам салауатты өмір салтын ұстанатын болады. Салтанатты бөлік аяқталған кезде Жасұлан Тоққожаұлы барлық қатысушыларға табыс, мықты денсаулық пен еңбек жолында жаңа жетістіктер тіледі. 



Шара Алмалы ауданы әкімінің аппараты, «Нұр Отан» партиясының Алмалы аудандық филиалы, Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі, Алматы ауданы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырылып, Сабина Аманкелдінің, Алматы қ. мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшелерінің қолдауымен өткізілді. 



Сайыс мемлекеттік қызметкер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлау мен 28-ші Қысқы Универсиаданы қолдау мақсатында өткізілді.




05.12.2016