Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.12.2017

Алмалы ауданында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» тақырыбына байланысты дөңгелек үстел өтті


Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының Алмалы ауданы бөлімінде бөлім басшысы Ералиева Гүлмираның төрағалығымен және бөлімнің бас мамандарының, «Өрлеу» жобасының ассистенті және кеңесшісінің катысуларымен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» тақырыбына байланысты дөңгелек үстел өтті.



Жиналғандардың алдында дөңгелек үстел тақырыбы бойынша бас маман Жантөре Ғалиев баяндама жасады. Ол өз сөзінде Елбасының көрегендік жетекшілігімен мемлекетіміздің құрылуы, даму белестерінен өткені жөнінде, елімізді қаржы және экономикалық дағдарыс жағдайынан алып шығу үшін Президентіміздің мезгілімен жасаған іс-шараларын атап өтті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұтымды ішкі және сыртқы саясатының жемістері жайында, оның этникааралық түсіністік пен келісім, ұлттық татулық пен бірлік принциптерін қолдану арқылы біртұтас ел болуға жету туралы парасатты қазақстандық модель бағдарының авторы екені, Елбасының халық игілігіне сіңірген ерен еңбектері туралы түсіндіріп әңгімеледі. Жиынды қорытындылаған Ералиева Гүлмира Мұратқызы еліміздің Тұңғыш Президенті Күні Қазақстан Республикасының егемендік жолымен дамудағы барлық жетістіктерін лайықты айқындап көрсететін мейрам және жаңа табыстарға бастама боларлық келелі ойлар тудырады деп атады. Пікірлерімен алмасқан барлық жиналғандар осы кездесудің нәтижесі пайдалы болғаны жөнінде ойларын білдірді. 


05.12.2017