Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.12.2018

Алмалы ауданында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған каратэ бойынша халықаралық турнир өтті


Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімшілігі, Қазақтың спорт және туризм академиясы, Қазақстандық Барлық стилдегі каратэ федерациясы және Қазақстандық Кекушинкай каратэ-до федерациясы, 2018 жылғы 1-2 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай, ҚазСТА-ның Президенті Қайрат Қайроллаұлы Закирьяновтың қолдауымен және Ұлттық спорт түрлері кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д, ҚР ЕСЖ, профессор – Жақсыбек Ибрагимұлы Жунусбековтың басқаруымен «Балалар, жасөспірімдер, қыздар, кадеттер және жоғары оқу орындары студенттері арасында Барлық стилдегі каратэден Халықаралық турнирін» өткізді.





Жарыс 3 бағытта өтті: 1) Шектеулі контакт. 2) Толық контакт. 3) Қорғаныш құралдарымен толық контакт. Турнирге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстаннан 500-дей спортшылар қатысты.



Турнирге әр түрлі стильдер мен ұйымдардың өкілдері қатысты:  С.И.Федоткин Халықаралық Косика каратэ ұйымының Бас хатшысы,қара белдеу, 5-дан (Россия), А.К.Аширова Қырғызстан Республикасының Барлықстильдегі каратэ Федерациясының президенті, қара белбеу, 3-дан; Х.Караматов Тәжікстан Республикасының Кекушинкай Каратэ федерациясының президенті қара белбеу, 4-дан; Н.Д. Амиров Өзбекстан Республикасының Фудокан каратэ-до өкілі,қара белдеу, 2-дан; Б.Е.Жанкараев Қазақстан Республикасының Косика каратэ-до өкілі, қара белбеу, 5-дан; М.А.Ким Қазақстан Республикасындағы Шотокан каратэ-до но-ми-че KWF өкілі, қара белдеу, 3-дан; сонымен қатар Қазақстан Республикасының каратэ Федерациялары Шинкекушинкай, Кекушинкай, Кудо, "Окинава" жауынгерлік өнер қауымдастығы, Фудокан.





Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қазақстандық Барлық стилдегі каратэ федерациясының директоры, Қазақстандық Кекушинкай каратэ-до федерациясының директоры, ҚазСТА доценті, каратэ-до бойынша Ұлттық спорт түрлері кафедрасының аға оқытушысы – Талгар Мұхтарұлы Ахмадиев. 


05.12.2018