Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.05.2015

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі Серік Құсайынов «Rixos» қонақ үйінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған салтанатты қабылдау өткізді


Ұлы Жеңістің 70 жылдық меретойына арналған салтанатты шара Алмалы ауданы әкімі аппаратымен ұйымдастырылды.

П.И.Чайковкский атындағы музыка колледжінің үрмелі аспаптар оркестірі жиналған қонақтарды әскери әуенмен қарсы алып, үлкен экранда соғыс жылдар туралы кадрлары мен фильмдер көрсетілді.

Аудан басшысы соғыс және еңбек ардагерлерін келе жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен ашық аспан тіледі.

«Жеңіс күні біз үшін ардагерлеріміздің ерекше ерлігі мен қаһармандығының жарқын бейнесі екендігі сөзсіз. Бүгінгі ұрпақтың бейбіт өмір сүруі мен өсіп өркендеуі жолында Ұлы Отан соғысында қаншама адам қан төкті. Сонау сұрапыл соғыста жеңіс туын желбіретіп бүгінгі күнге аман жеткен ардақты ардагерлеріміз арамызда. Осындай ел азаматтарын құрметтеп, өскелең ұрпаққа үлгі ету біздің басты міндетіміз», - деді Серік Досымханұлы.

Мерекелік қабылдау кешін Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория және А.Селезнев атындағы Алматы хореография колледжі студенттерімен ұйымдастырылған концерт жалғастырды.

Аталған шараның басты мақсаты - Ұлы Отан соғысы және еңбек майданына қатысушы аға буынға құрмет көрсетіп, қадірлеу, келер ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу.


Бүгінгі таңда Алмалы ауданында 165 Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектері тұрады, 6 соғыста қаза тапқан ардагерлердің жесірлері, 24 адам Ленинград блокадасына қатысқандар, 19 неміс концлагерінде тұтқында болғандар, 3 880 еңбек тылына қатысушылар.

Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Алмалы ауданында 4277 Ұлы Отан Соғыс ардагерлері 1941-1945 жж Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 70 жыл біріңғай медальмен марапатталды. Оның ішінде 165 Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектері, 4 ерікті жалдамалы ардагер, 24 Ленинград қоршауында болған тұрғын, 19 неміс тұтқыныда болған кәмелетке толмағандар, 4065 еңбек майданына қатысушылар.

06.05.2015