Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.02.2018

100 жылдық мерейтой




Алмалы ауданы әкімінің аппараты және аудандық ардагерлер кеңесі Нұрмагамбетова Қамазия әжені 100 жылдық мерейтойымен құттықтады. Мұндай оқиға әр адамның өміріндегі ең керемет жәйт деп айтуға болады.



Нұрмагамбетова Қамазия 1918 жылы  3 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауданы, Мешіткөл ауылында дүниеге келген. Қамазия әже ауылда сауыншы, есепші, сельсоветте хатшы болған. Сонымен қатар, ауылда мектеп ашып дәріс берген, жақсы еңбегінің арқасында әйелдер арасында ауылынан бірінші депутат болған, 50 жыл коммунист партиясының мүшесі болған. 


Анасы ерте қайтыс болған. Әкесі Есқалы өте қайратты, елге сыйлы адам болған. Ашаршылық болған кезде, балық аулап, даладан сарышұнақ  (балпақ) ұстап, терісін орыстарға ұнға айырбастап отбасын аман-есен алып қалған.Қыздары Мария және Тамараны асырап жеткізіп, бүгінде олардан 15 жиен, 30 жиеншар, 4 шөпшегін көріп отыр.



Күйеуі Аманғалиев Бисен 1913 жылы дүниеге келген. Сол кездің сирек кездесетін жоғарғы білімі бар агрономы болған. Ауылда ел басқаратын қызметтер атқарған. Соғыс басталғанда 1941 жылы қыркүйек айында  соғысқа аттанған. Сол кезде Бисеннің жалғыз інісі Мұхаметкерей Прибалтика еліндегі армиядан соғысқа кеткен. Екеуіде қайтып еліне оралған жоқ. Бисен атаның ең соңғы хаты Сталинград түбінен 1942 жылы қыркүйек  айында келген.
Қамазия әже - еңбектегі жетістіктері үшін соғыстан кейін Ел экономикасын көтеруде жарты ғасырға жуық мерзім бойы ауыл шаруашылығы саласында үлкен жетістіктерге жеткені үшін, Мәскеуге дейін барып, үкімет тарапынан 1 орденмен және 5 медальмен, бірнеше рет құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталып, ел ілтипатына бөленген. Бүгінгі күнде Алмалы ауданында Қамазия апа немересі Светамен бірге өмір сүруде. 



Нұрмагамбетова Қамазия - бір ғасырдың тірі тарихы және XX ғасырдың кез-келген тарихи оқиғасы туралы естеліктерін тыңдау біз үшін қуаныш және осы тарихи адамды осындай атаулы мерейтойымен құттықтау біз үшін үлкен мәртебе.


05.02.2018