Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.03.2017

Алмалы ауданында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті


Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты  кеш өтті. 



Алмалы ауданына еңбек сіңірген нәзік жандылар қауымын мерекелерімен Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Ермек Бейсеуов құттықтап, біздің мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуындағы әйелдердің баға жетпес орнын  атап өтіп, оларға денсаулық, махаббат, отбасылық бақыт пен табыс тіледі.



Жалғасын тапқан салтанатты кеште Ермек Беркімбайұлы көпбалалы аналар Динара Қарақұлова мен Назира Сапарбаеваға еңбек сіңірген марапат «Күміс алқа» төсбелгісін табыстады. 



Барлық әйелдер үшін керемет сыйлық Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хоры мен балетінің солистерінің қатысуымен қойылған Ф. Легардың «Желіккен жесір» опереттасының көрсетілімі болғанын айта кеткен жөн.




06.03.2017