Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.03.2018

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» Республикалық жобасының жеңімпаздарымен кездесу өтті


С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында студенттердің  «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасының жеңімпаздары Репродуктивті медицина институтының дәрігері Л.К.Айтқожина және А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығының бөлімше меңгерушісі Т.К.Қуандықовпен кездесу өтті. 



Шара аясында Л.К.Айтқожина  мен Т.К.Қуандықов болашақ дәрігерлерге өз саласының кәсіби маманы болуға ынталандыру, ғылыми, инновациялық жаңалықтарға деген қызығушылығын ояту, азаматтық белсенділік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «100 жаңа есім» жобасы туралы, Қазақстанның медицина саласының жетістіктері және білікті маман болуы үшін өз ақыл-кеңестерімен бөлісті.   
Айтқожина Ләззат Кенжебайқызы қазіргі таңда Алматы қаласындағы  Репродуктивті медицина институтының гинеколог-репродуктологы. Ол ЭКО жолымен бала көбейту саласының маманы. ВРТ жаңа технологиялары арқылы адамдарды бедеуліктен емдеп, ана мен бала денсаулығына қауіп төнген   жағдайына алғашқы көмек көрсетеді. 




Қуандықов Тілеуберді Кенесбайұлы Алматы қаласының штаттан тыс бас анестезиолог-реаниматологы, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығының бөлімше меңгерушісі, «ҚР анестезиологтарының федерация» АҚҰ басқармасының мүшесі. 2011 жылы Қазақстанда алғаш рет ересек адамның бауырына трансплантация жасалды. Оның сәтті жасалып, науқастардың сауығып кетуі Тілеуберді Қуандықовтың арқасында іске асса, 2016 жылы алғаш рет бааның бауырын ауыстырып, емдеу мен анестезия жасады. Практикалық қызметінен бөлек Тілеуберді Қуандықов ғылыми зерттеу жүргізеді, олардың нәтижелері ірі халықаралық форумдарда баяндалды және Швейцария, Швеция, Қытай, Үндістан, Ресей сияқты тағы басқа көптеген елдерде жарияланды.








06.03.2018