Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.04.2018

Алмалы ауданында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатымен кездесу өтті


Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы №5571 әскери бөлімінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы мен бес әлеуметтік бастамасы бойынша үндеуін түсіндіру аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ержан Құдайберген Төлепұлымен кездесті. 



Кездесу барысында депутат әскери бөлім сарбаздарына Президент Жолдауының кейбір ережелерін, әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған бес әлеуметтік бастаманы түсіндіріп, тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа механизміне нақты тоқталып өтті. 



Шара соңында бес әлеуметтік бастаманың негізгі міндеті мемлекеттің дамуы мен қарапайым қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталғаны айтылды. 



Кездесуге Алмалы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найля Ордабаева, Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Бекжанова Айнұр, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы №5571 әскери бөлімі командирі Марлен Оспанқұлов, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының саяси жұмыс бөлімінің басшысы Табеев Қайыр-Мұнар және №5571 әскери бөлімінің жеке құрамы мен сарбаздары қатысты.




06.04.2018