Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.05.2017

Алмалы ауданы Отан қорғаушылар күнін "Арбат" алаңында өткізді


Отан қорғаушыларды олардың кәсіби мерекесімен Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естенов құттықтады. 



Мерекелік жиынға жиналған Ұлы Отан соғыс ардагерлері, еңбек майданына қатысушылар, Ауған соғысы ардагерлері мен аудан тұрғындары алдында «Ұлан» әскери-патриоттық ойынға қатысушылар салтанатты сап түзеп жүрді. Шеруді Алмалы ауданының әкімі Естенов Жасұлан Тоққожаұлы мен Алмалы аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы  Әмірханов Жақсылық Нұртазыұлы және Алмалы ауданының қорғаныс басқармасың басшысы Жексенбаев Қанат Ауғанбекұлы қабылдады.



Сондай-ақ, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Сағат Әлдекеновтің,   халықаралық байқаулардың лауреаттары «Арабеск» және «Аллегро» би ұжымдарының, «Гүлдер» ансамблі және Алмалы ауданы мектептерінің шығармашылық орындаушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Әсіресе, соғыс жылдарындағы әндерді балалардың аузынан есту жүректің қыл пернесін дөп басып, тек ардагерлердің ғана емес, мерекеге жиналған қауымның ет-жүрегін елжіретті. 



Еліміздің мақсаты мен мүддесін қорғап жүрген антына адал, сертіне берік Отан қорғаушылардың мәртебесі мен мерейі қашан да асқақ еңбегі ерен. Қазақстанның Қарулы күштері – мемлекеттің экономикалық қуаты мен әлеуметтік дамуының жинақталған көрінісі. 



Қазақстан Қарулы күштерінің алдында бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, республика аумағының тұтастығын қорғау елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстанның өмірлік маңызды мүдделерін тиімді қорғау міндеті тұр. Қарулы Күштер қатарындағы қызмет әрбір қазақстандықтың құрметті міндетіне, аға буынның қаһармандық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің қуатты өнегелілік мектебіне айналуда. 



Алмалы ауданы әкімі аппаратының атынан барлық ер-азаматтарды: әскерде Отан алдындағы борышын өтеп, әскери қызметтің қиындығын бастан кешіргендерді және қазіргі таңда біздің Отанымыздың шекарасын қорғап жүргендерді, бейбіт тұрғындардың ұйқысын күзетіп, бейбітшілікті қамтамасыз етіп отырған және нағыз сарбаз болу күтіп тұрған жандарды мерекелерімен құттықтаймыз! Мерекелеріңізбен, қымбатты ер-азаматтар! Сіздерге зор денсаулық, шат-шадыман көңіл-күй, таусылмас жігер, еңбектеріңізде жеңіс және ашық аспан тілейміз! 


06.05.2017