Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.05.2018

Алмалы ауданында Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік іс-шара өтті


Алмалы ауданында ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы № 5571 әскери бөлімшесінде Жеңіс күніне және Отан қорғаушы күніне орай мерекелік іс-шара өтті.



Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық ұланы Оңтүстік әскери қолбасшылығы № 5571 әскери бөлімшесінде Жеңіс күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Іс- шараға ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Қайрат Ақтанов,  № 5571 әскери бөлімінің командирі Марлен Оспанқұлов, ҰОС-ның ардагерлері, әскер зейнеткерлері, жеке құрам және жастар қатысты.


 
Мерекелік іс-шарада Алмалы ауданы әкімінің орынбасары  Айнұр Бекжанова сөз сөйлеп, әскери қызметкерлерді мерекемен құттықтады. Сөз соңында, әскери қызметкерлерге адал еңбектері үшін мақтау грамоталары мен бағалы сыйлықтар табысталды. 



Концерттік бағдарламамен жалғасқан іс-шарада ауданның шығармашылық ұжымдары мен талантты жастары өз өнерлерін көрсетті.  


06.05.2018