Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.06.2016

№4 оқушылар үйінде Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған «Ту, Елтаңба, Әнұран - тірегіміз, Туған ел деп соғады жүрегіміз » атты әдеби-музыкалық концерт өткізілді


Мемлекеттік Рәміздер – елдігіміздің айғағы , ұлтымыздың діңгегі екенін ұғындыру.  Өткізілген іс-шараға Алмалы аудандық   мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Ләззат Тынышбайқызы Мамедова  мен  бас маман  Ақсұңқар Шәмілқызы Әбілтаева қатысып, жас Отанын сүйетін патриоттарға ыстық ықыластарын білдірді. «Қазақстанның  жарқын болашағы сендерсіңдер» - деп армандарын асқақтатты.  



Мақсаты:  Тәрбиеленушілердің Рәміздер туралы білімдерін кеңейту , Рәміздердің символикалық , тағылымдық , тәрбиелік мәнін ұғындыру. Отанды сүюге , Рәміздерді  құрметтеуге тәрбиелеу. 
Іс-шараның басты мақсаты - тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы болар жастардың бойында отансүйгіштік, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және жастарды бабаларымыздың ақжолтай аманаты - қасиетті тәуелсіздікті сақтай білуге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу болды.



Қазақ жастары әрдайым өз мемлекетінің ұлттық рәміздерінің беделін көтеріп, оның даңқын асыруға атсалысып, зор мақтаныш тұтуы тиіс.


06.06.2016