Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.06.2017

Алмалы ауданында «Көршілер театрының» ашылуы өтті


«Тастақ» шағын ауданында Дүйсенов / Брусиловский аллеясында «Көршілер театрының» тұсаукесері өтті. Бұл іс-шара екі жобаны біріктірді: «Көршілер театры» мәдени-әлеуметтік жобасы және «Basire Design Group» сәулет бюросының командасымен және ҚазБСҚА университетінің студент-еріктілер тобы орындаған «Тастақ ықшам ауданында қоғамдық кеңістікті құру» сәулет жобасы. Жоба қатысушылары мен волонтерлар дәл шөп үстінде, ағаштар көлеңкесінде паллеттен тосын көрермендер залын орнатып, Тиккурила компаниясы жабдықтаған бояудың көңілді түстерімен бояды. Дәмтатымдар бар үстел қойылды: бауырсақтар және салқындатқыш сусындармен. Бірақ, көршілес ауладағы он бір жастағы Андрей өзі туралы айтқандай, қонақтар «тек бауырсақтар жеуге келген жоқ», – оларға өте қызықты болды-деді.


 
«Көршілер театры» жобасының үйлестірушісі Алеся Нугаеваның кіріспе сөзінен кейін, «Basire Design Group» сәулетшісі Марат Гаганин ашық ауадағы қоғамдық-мәдени  орталықтың жоспарын ұсынды: «Осы жердің артықшылығы – оның тыныштығында, ал ең жақын тұрғын үйге дейінгі қашықтық – 100 метрден астам. Айналасында әкімшілік ғимараттар орналасқан: мектеп, балабақша. Біз күшті негізсіз уақытша құрылым – көп атқарымдық ағаш павильонын салуды жоспарлаймыз. Платформаның үстінде отыруға болады, сондықтан кеңістік отбасылық мерекелерді өткізуге сай. Бірақ әрине, құрылымның басты функциясы – бұл көрініске адамды еліктіретін сахна функциясы. Барлығы сіздің айналаңызда өткізіледі. Сіз оны теледидар сияқты тек қарап отыра алмайсыз. Өзінің пайда болуымен құрылым аллеяның осы аумағында транзит функциясын тек арта түседі. Ағаш төбе қалқасында күннен қорғайтын мата ілініп қойылады. Құрылымның орналасқан орны өтіп бара жатқан адамдарды қатыстыруға мүмкіндік береді. Сахнаның құрылысы Тастақ үшін мәдениетті оқиға ретінде қарастырылуы керек: аудан тұрғындарынан көбірек бастама шығатын болса, осы орын үшін жақсырақ болады». 



Сахна жобасымен таныстыру рәсімінен кейін қонақтар И.Л.И. Playback-театрының интерактивті әлеуметтік орындауында қатыса алды. Көрермендер көрсетілімнен пайда болған әсерлерімен бөлісті, өз ауданының күрделі мәселелері туралы, олардың ауданда қандай өзгерістер енгізісі келгендері туралы айтты; әртістер сол мезетте ешбір дайындықсыз осы оқиғаларды сахналық суырып салмада көрсетті. Балалар ойнауға кедергі ететін ауладағы 
көліктер бойынша наразылық білдірді. Олардың көліксіз аула туралы армандарын әртістер сахнада көрсетті. Біз осы арман бір күні шын өмірде де жүзеге асатынына тек үміттенеміз. Қоғамдық кеңістікті ізгілендіру бойынша жасаған осы бірінші қадамдар Алматы қаласындағы Алмалы ауданының әкімшілігінен қолдау алғандығы өте маңызды.
«Ақыры, саябақ өзінің негізгі мақсаты бойынша пайдаланылады! Барлық аулалар көліктерге толы, балалардың басқа ойнайтын жері жоқ, ал осы жерде, саябақта, тек иттерді серуендетеді. Осы жер адамдар үшін болсын!» - жобаны мақұлдап тұрғындардың бірі дәл осылай айтты.

 

Жобаның мақсатты тобы – бұл, бәрінен бұрын, жасөспірімдер мен жастар. Олар ынталы, бос және, шынын айтқанда, өздерінің еркіне қойылған. Алматыда тіркелген, қызметтері әдеттегідей,  ақылы болып табылатын 500 бос уақытты өткізу және өнерпаздық дамуды ұйымдастыру орталықтардың ішінде көп бөлігі 0-ден 10 жасқа дейінгі балаларға арналған. Жоба демалыс кезінде шамамен 200 бос жасөспірімдерді театралды сабақтар мен басқа мәдениетті белсенділіктерге қатысушылар ретінде қатыстыруды жоспарлайды; жобада іс жүзінде қатысатын ықшамауданның шамамен 100 белсенді түрғындарын – бұл, негізінде, әжептәуір бос уақыты бар жас аналар мен белсенді зейнеткерлерді қатыстыруды жаспарлайды. Ауданның шамамен 1000 тұрғыны көрермен ретінде орындауларда қатыса отырып, жобаға жанама түрде еліктіріледі. Басқа аудандардың шамамен 5000 тұрғыны концертке, орындауларға келіп,  жаңалықтарды бақылап отырады.  



«Біз мақсатымызға жеттік! Тастақта өзіміздің «Көршілер театрын»  аштық. Барлығын бауырсақтармен тамақтандырдық және адамдардың оқиғаларын тыңдадық. Бізге балаларға көліктердің аулада ойнауға кедергі жасайтыны туралы, адамдар өз иттері арттарынан жинамайтыны туралы айтты, бірақ, ең бастысы – тұрындар ауданындағы біздің әлеуметтік және театралды алаңымызды қолдады. Өте қуанышты екені, және біз жасаған істі мақтан тұтатыны туралы айтты» дейді И.Л.И. театрының арт-менеджері Евгения Абкеева  өз әсерімен бөлісті. 
«Барлығы жақсы өтті. Бұл нағыз тастақ-пикник болды. Орындаулардан кейін көршілер өз байланыс телефондарын қалдырды, өз тілектерін жазды. Менің ойымша, біз оларды қатыстыра алдық», – деп қорытындылады жобаның үйлестірушісі Алеся Нугаева. 



«Көршілер театры» мәдени – әлеуметтік жобасы және Марат Гаганиннің «Тастақ ықшамауданында ашық ауадағы қоғамдық-мәдениеттік орталықты  құру»  сәулет жобасы «Сорос-Казахстан» қорының қолдауымен жүзеге асуда. Өз жұмысын жоба суық мезгілдің келуіне дейін жасауды жоспарлайды, Алматы қаласының барлық қалаушы тұрғындары және қонақтарының іс-шараларды келіп қарауға және оларға қатысуға мүмкіндігі бар. 






06.06.2017