Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.08.2019

Алматы қаласының әкімінің тапсырмасы бойынша көп балалы аналарға қолдау көрсету мақсатында, Алмалы аудандық «Бақытты отбасы» орталығы ашылды


Орталықта ISKER ANA бағдарламасы аясында, әйелдерді кәсіпкерлікке оқыту бойынша жұмыстар жүзеге асырылады. Орталықта көп балалы және аз қамтылған отбасыларға жеке ісін ашуға, оны жүзеге асыруға көмектесетін мамандар жұмыс істейді.



Жобаның мақсаты: еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдыларға үйрету, жұмысқа орналасу арқылы жеке кәсібін ашуға көмектесу (қаржыландыру, тәлімгерлік және т.б.) арқылы әлеуметтік қамтылмаған топтардың әл-ауқатын жақсарту.
Орталықта тәжірибесі бар және бизнесте жетістікке жеткен көп балалы аналар кәсіпкерлікті үйрету бойынша сабақтар жүргізеді. 



Бүгінгі таңда тігін ісі, сұлулық саласыдағы қызметтер, аспаздық, қолөнер, қазақтың ұлттық қолөнеріне үйрету және интернет-сатылымдар сияқты оқу курстары үшін топтар құрылуда.
Орталықта әйелдермен кездесулер өткізіп, олардың бизнес-жобаларын дамыту жұмыстары жүргізіледі.



Ғимаратта коворкинг орталығы, жаттығу сыныптары, кеңес беру бөлмелері (психолог, заңгер және әлеуметтік қызметкер), жабдықталған балалар бөлмесі және ойын алаңы бар.
Орталық Наурызбай батыр көшесі, 106 А мекен-жайы бойынша орналасқан.


06.08.2019