Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.09.2016

«KITAPFEST - 2016»


Алматы қаласы ОКЖ-нің кітапханашылары мен оқырмандары «Кітапфест» республикалық кітап фестиваліне қатысты. Қала күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты – жастар мен қала тұрғындарының кітап оқуға деген ынта-ықыласы мен қызығушылығын арттыру, қазақстандық авторлардың жаңа туындыларымен таныстыру, сүйіп оқитын шығармалардың авторларымен жүздесуге мүмкіндік жасау, дарынды оқырмандардың шығармашылығын шыңдау, мәңгілік рухани қазына Кітапты насихаттау.



Фестиваль аясында Кітап баспаларының жәрмеңкесі, жазушылардың шеберлік дәрістері мен семинарлары, әдеби конкурстар мен викториналар, поэзиялық ревюлар, жас ақындар трибунасы ұйымдастырылды. Кітап фестиваліне қазақстандық ақын-жазушылар, тарихшылар, саясаттанушылар мен интернет-блогерлер қатысты.
Алатааудың алтын алқасы болып саналатын ару Алматының мыңжылдық мерейтойына орай №4 кітапхана ұйымдастырған «Ән-жырым саған, ару Алматы» атты әдеби-сазды поэтикалық ревюге №4 кітапхананың дарынды оқырмандары: М.Мақатаев атындағы № 140 мектеп-гимназияның, №36, №147, Іле ауданы №4 орта мектептің оқушылары Жайырова Нұрила, Бекұлы Мәлік, Айдай Азаматқызы, Арай Иманмұратқызы, Камила Каримбаева, Яхия Абибуллаев, Жандос Доскеев, Мағжан Сейтнұр, Мақпал Медетқызы, Маржан Нұралиева,



Өмірхан Қазыхан, Жәнібек Карменов, Назерке Жарылқаған, Әсем Мұхаметказина, Алматы Полиграфиялық колледжінің, Алматы қаржы-құқықтық технологиялық колледжінің студенттері Бақтияр Аргимбеков, Айдын Ілияс, Аида Таганали, Айзат Саинова, Жантас Еркін, Жаңылайым Абдукарим, Дина Бағдаулет, Жұлдыз Тоқтарбай, Асланбек Қарабеков, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық Университеті мен Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық Университетінің студенттері Роза Тәжібаева, Ақнұр Аманова, Нұржамал Нұрдулла, Сәрсемашева Әсел, Ажар Әбзел арнайы жыр-шашуымен келіп, Отан, Қазақстан, Алматы туралы патриоттық өлең-жырларды мәнерлеп оқып берді. 



№4 кітапхананың өнерлі оқырмандары Еркебек Ұлдана, Темірлан Өсімқұл, Мирас Максимов, Алеся Хоменко, Аида Серікбай, Ерлан Жиренше, Мақсат Хасенов, Марат Стан, «Аллегро» би тобы және Алмалы ауданы №4 Оқушылар Үйінің өнерпаздары Айдана Қапесова, «Шашу» ән тобы мен «Мөлдір» би ансамблі қала тұрғындарын, қонақтарын әуелеген әсем әндерімен тербетіп, мың бұралып билеп, кеш көркін қыздыра түсті. 
Фестивальде жаңа кітаптармен танысуға, әйгілі ақын-жазушылармен кездесуге, таңдаулы авторлар туралы тереңнен танысып, уақытты барынша ұтымды өткізуге мүмкіндік берілді.
Кітап фестивалі жыл сайын өткізіліп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын артырады және халықтың рухани дамуына жол ашады.


06.09.2016