Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.10.2016

Алмалы ауданында мүмкіндіктері шектеулі балалардың қатысуымен "Қар патшасы" атты мюзкл -спектакль ұйымдастырылды


Алмалы ауданы бойынша мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен «Снежный король» атты спектакль өтті. Шараның мақсаты мүгедектердің құқықтарын сақтап, қоғам өміріне белсенді қатыстыру болып табылады.



Алмалы ауданы мүгедектерін оңалту және бейімдеу орталығы Наурызбай батыр 108 және Қарасай батыр  70 көшелерінің қиылысындағы әкімшілік ғимаратында орналасқан.



Орталықта төрт бөлімше: екі бөлімше мүмкіндігі шектеулі балалардың үйлерінде әлеуметтік қызмет көрсетсе, бір бөлімше – 18 жастан асқан  жүйке-нерві аурулары және қозғалу жүйесінің бұзылуы бойынша мүгедектерге, ал Алмалы ауданындағы мүгедектермен жұмыс бойынша бір бөлімше әлеуметтік карталар жасақтаумен айналысады (ақпараттар базасы жыл сайын жаңартылып отырады).  



Уйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы ақпарат.
Әлеуметтік қызметкерлер ата-аналарды баламен қоян-қолтық жұмыс жүргізудің әдістері мен амалдарына үйретеді,  оңалту шараларын, баланы және 18 жастан асқан мүгедекті қоғамға бейімдеуді жүзеге асыру бойынша ата-аналармен жұмыстар жүргізеді,отбасы ішілік қарым-қатынастарды зерделейді, мүмкіндігі шектеулі балаға немесе 18 жастан асқан мүгедекке ата-ананың және өзге де отбасы мүшелерінің қарым-қатынастарын жақсы жағына қарай өзгерту үшін отбасындағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді. Әлеуметтік қызметкерлер отбасы мүшелерін қалыпқа сәйкесті көрсетілетін: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-құқықтық және т.б.  әлеуметтік арнаулы қызмет түрлері  мен ауқымдары туралы хабардар етеді және мүгедектердің әлеуметтік оңалту шараларын үй жағдайларында жүргізеді. Әлеуметтік қызметкерлер балалардың оқуын және демалысын ұйымдастырады, демалыс бақтарында қыдыртады, көңіл көтеретін және медициналық мекемелерге апарады, қала мекемелерінде отбасының әр-түрлі мәселелерін шешеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шараларды өткізу барысында балалар шығармашылығы үйлерінің ұжымдары шақырылады, концерттер, қуыршақтар қойылымдары ұйымдастырылады, сонымен қатар мамандар қайырымдылық шаралары үшін демеушілер іздестіреді. Әлеуметтік қызмет жөніндегі кеңесшілер медициналық-әлеуметтік бейімдеу бойынша арнайы семинарлар мен оқуларда оқып шықты. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс  бөлімшелерінің екі меңгерушілері халықаралық курстарды тәмамдағандары жөнінде куәліктер алды. 



Жартылай стационарлық жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы ақпарат.
Қазіргі таңда жартылай стационар мамандары Орталықтың қызметін әр-түрлі: психолог, логопед, дефектолог, рефлексотерапевт, үгушілер, тәрбиешілер, невропатолог, эрготерапевт, арттерапевт, сурдолог, невропатолог, еңбек терапиясы, иппотерапия, ЛФК бойынша нұсқаушылар және т.б. бағыттарда жетілдіру үстінде, яғни, мүмкіндігі шектеулі балалар және 18 жастан асқан мүгедектердің оңалуы және бейімделуі бойынша әр-түрлі қызметтердің түрлері көрсетілуде. ЛФК кабинетінде үгудің, Су Джоктың, фито-терапияның, ЛФК, сазды-терапияның тегін қызметтері көрсетіледі. Орталықта психологиялық босаңсуға арналған тиісті қондырғы, «НУГА-БЕСТ» үгу төсегі, балалардың сал ауруына (ДЦП-ға) арналған «АДЕЛИ» костюмдері бар.
Кешенді көмек мультидисциплинарлы әсер ету шеңберінде, яғни, әр мүгедектің жеке басына бағдарлау жолымен ұйымдастырылады.
Шұғылдану біріктірілген қызмет түрін көрсетеді, яғни, оқытушы маман баламен жұмыс түрінің бірінен екінші түріне сусымалы түрде ауыса салады, олар балалардың оқуға деген үдемелі ынтасын ұтымды қалыптастыру жолында ойын түрінде өткізіледі.
Оқытушы мамандармен көптеген әдістемелер қолданылады:
Логопед – оқу барысында логоырғақтылықтың және фонетикалық ырғақтылықтың белгілері енгізіледі. Психолог – туындаған мәселесіне қарай ойын терапиясы, ертегі терапиясы, құм топырақ терапиясы. Дефектолог – Мотессоридің әдістемесін, соның ішінде «Нақты өмір ортасы» әдістемесінің бөлігін қолдана отырыпөз-өзіне қызмет ету, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарын сіңіре білу.



Креативті шығармашылық маманы – саусақтармен, қолмен суреттер салудың; асбұршақ, кеспелер, дақылдарды және біржолғы пайдаланылатын күнделікті тұрмыстық заттарды қолдана отырып жасанды заттар жасаудың жаңа әзірлемелерін қолданады.
Орталықта мүгедектерге және ҰОС ардагерлеріне тегін қызмет көрсетуші маман –   шаштараз жұмыс жасайды.



Ипотерапия бойынша маман балалардың сал ауруы (ДЦП), Даун ауруы, Эрб сал ауруы, бет-әлпет нервісінің невриті, гидроцефалия, гипербелсенділік, артрогрипоз диагноздары қойылған балаларға көмек көрсетеді. Орталықтың қызметкерлері дегеніміз – ҚР Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауларында көрсетілген салмақты да маңызды тапсырмаларды шешуге әлеуетті біртұтас және ынтымақтастықтағы ұжым.
  












06.10.2016