Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.12.2016

Қазақстандық Алихан Каранеев бильярд спортынан әлем кубогын иеленді!


Казань қаласында (Ресей) «Еркін пирамида» бильярд спортынан болған әлем чемпионаты Қазақстан үшін үлкен жетістікпен аяқталды. Алихан Каранеев - «Еркін пирамида» бильярд спорты бойынша әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР БСФ клубының спортшысы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Ол өзінің жеңісін елінің нағыз париоты ретінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнады.
«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы елінің ардақты азаматы, партияның белсенді мүшелерінің бірі Алихан Каранеевты үлкен жеңісімен құттықтайды! Отбасына саулық, қажымас қайрат және спорт әлемінде жаңа белестерді бағындырып, ел мерейін үстемдете беруіне тілектеспіз! 



Сайысқа 18 елдің  беделді спортшылары  қатысты. Біздің құрама командамыздың көшбасшысы, Алихан Каранеев финалда Украина мемлекетінің өкілі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Артур Пивченконы  7:6 есебімен ұтып, жеңіске жетті.



Жеңіске жету жолында Алихан Каранеев  әлем чемпиондары: Владислав Осьминин (Ресей), Ярослав Тарновецкий (Украина), Никита Ливада (Ресей), Сергей Крыжановскийлермен (Молдова) сайыста жеңісті қолдан бермеді. Қазіргі таңда Алиханның жеңіс қоржынында – 2 жеке сайыста Әлем чемпионы және 1 командалық сайыста Әлем чемпионы деген атағы бар.


06.12.2016