Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.03.2018

Алмалы аудандық Ардагерлер кеңесі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады


Халықаралық әйелдер күніне орай Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық Ардагерлер кеңесі әйелдер қауымына арнап салтанатты жиын ұйымдастырды. 



Ардагерлер тарапынан ұйымдастырылған мерекелік концерт пен айтылған тілектер, сыйлаған гүлдер шынайы көктемгі сыйлық болды.  



Жиналғандар алдында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын ардагер Көпбосын Панзабеков өзінің «Мартовские шуточные наставления» өлеңің оқып берсе, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайырлы Исламов «Ана туралы жыр», «Мама милая мама» атты әндерді шырқады. «Отан» хорының мүшесі, ардагер Георгий Треножников «Разные судьбы» и «Наш милый доктор» кинофильмдерінде айтылған әндерді орындаса, Сыртқы істер министрлігінің Құрметті ардагері Хаир Омаров  «Бурылтай», «Я встретил Вас», «Рассвет» романстарын айтты, «Қарлығаш» хорының мүшесі Владимир Усталов баянда музыкалық композиция мен «Сестричка» әнің орындады. Концерт халықаралық байқаулардың лауреаты Хамит Отарбаевтың әнімен аяқталды. 





Концерттік бағдарламаның әйелдер қауымына ұнағаны сонша, таныс әндерді бірге шырқады.



Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған ардагер әйелдер мен зейнеткерлерге арналған алғашқы көктемгі шара өте жоғары деңгейде өтті.  




07.03.2018