Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.05.2017

Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естенов Ұлы Отан соғысының ардагерлерін үй ішінде келе жатқан мерекемен Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады!


Сондай-ақ, ардагерлерге ҚР Премьер-Министрі мен Алматы қаласы əкімінің аттарынан құттықтау хаттар және  мерекелік қоржын табыс етілді.



Естенов Жасұлан Тоққожаұлы ақын, жазушы, майдангер, отставкадағы полковник, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, құрметті азаматы, кавалері, бес орден, отыз бес медаль бар ардагер – Гирш Леонид Юзефовичтің жəне Ленинград және 1-ші Украин майдандарында соғысқан, Ропшу, Кингиссеп, Нарву, Выборг, Прага қалаларындағы соғыс майдандарына қатысқан, Отан соғысының ІІ дəрежелі орденімен марапатталған - Ахметов Қанапия Ғабдоллаұлының үйлерінде болып қайтты. Аудан əкімі мен ардагерлердің арасындағы əңгіменің негізгі тақырыбы әскери оқиғалар және солдаттар мен офицерлердің соғыс кезіндегі істеген белгісіз ерліктері.



Бүгінгі таңда Алмалы ауданында 98 Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектері тұрады, 5 соғыста қаза тапқан ардагерлердің жесірлері, 19 адам Ленинград блокадасына қатысқандар, 15 неміс концлагерінде тұтқында болғандар, 3 523 тыл еңбеккерлері. Іс-шараның негізгі мақсаты: Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құрметтеу және оларға көңіл бөлу болып табылады.



Естеріңізге сала кетейік, Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 72 жылдығына орай 09 мамыр 2017 жылғы сағат 11.00-де Әлия мен Маншук орталық саябағында (Абылай хан даңғылы, бұр.к. Төле би) мерекелік шара өтеді. Ұйымдастырушылар: Алмалы ауданы әкімінің аппараты.


07.05.2017