Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.05.2018

Алмалы ауданында патриоттық әндер айтылды


«Сайран» көлінің шығыс жағалауындағы «Янтарный берег» паб кафе базасында Отан қорғаушылар күніне арналған Ауған соғысы жауынгерлерінің және Ауғанстанның Панжшер шатқалында халықаралық борышын орындап келген интернационалист жауынгерлерден құралған  «Панжшер» тобының қатысуымен концерт өтті.







Іс-шара Ауғанстандағы әскери операцияларға қатысушылардың, Ауғанстандағы соғыс мүгедектері Пахредин Тиллибаев мен Алмалы ауданы әкімінің аппараты қолдауымен ұйымдастырылды. Шара аясында ауғандық жауынгер - интернационалистер мен олардың жесірлеріне арналған дастархан ұйымдастырылды.







Сахнадан орындалған патриоттық әндер салтанатқа келгендердің жүрегінен шықты. Ауған соғысының ардагерлері жоғалған жолдастарын, олардың ерлігі, төзімділігі мен қаһармандығын еске алып, әндер арнады. 







22 269 қазақстандық ауған жеріндегі ұрыста болып, олардың 924-і ұрыс алаңдарында қалды, 21-і із түссіз жоғалған. Ауғанстандағы соғыс кезінде көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін КСРО ордендерімен және медальдарымен 200 000-нан астам әскери қызметшілер марапатталған, 86-ы - Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.








07.05.2018