Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.05.2019

Жеңіс күні қарсаңында Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады


Алмалы ауданы әкімінің аппараты Ардагерлер кеңесімен бірлесіп Ұлы Отан соғысының ардагерлері Темірханов Олжабай, Суворов Александр Федоровичты алдағы Жеңіс Күнімен құттықтады.



Соғыс кезінде Темірханов Олжабай Белорус майданында шайқасып, Брест, Варшава және Берлинді басып алған. Суворов Александр Федорович- соғысқа Байкал фронтының әскери операцияларының басталуымен Жапонияның Кванант армиясына қарсы шайқасты.
Аудан әкімі мен ардагерлер соғыс кезіндегі сарбаздар мен офицерлердің оқиғалары мен ерлігі туралы  біраз әңгімелесіп еске алды.



Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және тыл еңбеккерлерін құттықтау үшін аудандағы барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер, соның ішінде жеке ұйымдар да қатысады. Бүгінгі күні Алмалы ауданында   53  ҰОС қатысушы мен мүгедектері тұрады. Сонымен қатар,  соғыста қаза тапқан ардагерлердің 2 жесір әйелі, Ленинград блокадасына қатысқандар 15, концлагерь тұтқыны болғандар  14 және 2885 тыл  ардагері тұрады.
Естеріңізге сала кетсек, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына орай, 2019 жылы 09 мамырда сағат 11.00-де Әлия мен Мәншүктің (Абылай хан даңғылы Төле би көшесі) орталық саябағында мерекелік іс-шара өтеді. 


07.05.2019