Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.06.2017

Алмалы ауданында «Галактика сақшылары -2» атты фильмнің қайырымдылық көрсетілімі өтті


«Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы Алмалы ауданы әкімі аппаратымен бірлесе отырып, «Cinema towers» кинотеатрында «Галактика сақшылары -2» фильміне қайырымдылық көрсетілім ұйымдастырды. Көрсетілім Алмалы ауданы оңалту мен мүгедектерді бейімдеу балалар орталығының, ІІБ есебінде тұрған балаларға, демалыс орталықтарының балаларына, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының балаларына арналды.
Бұл фильм ерекше айшықталған стилімен, орынды қолданылатын саундлистімен және балаға да түсінікті көңілді атмосферасымен айқындалады. Таңғажайып әлем, ғарыш соғыстары, сюжеттің күтпеген өзгерістері мен әйгілі әзілдер келген көрермендердің барлығын қуантты.
Көрнекті, бірегейлі және кей кезде есер мінезді кейіпкерлер жаңа қарқында қайтып келеді. Бірінші фильм отбасының құрылғаны туралы, ал «Галактика сақшылары. 2-бөлім» отбасы болу деген не екені туралы баяндайды. Фильм режиссері Джеймс Ганның айтуынша, бірінші фильм Питер Квиллдің анасымен қарым-қатынасы және өткен өмірімен татуласуы болды, ал екінші фильм оның әкесі және өміріндегі басқа маңызды адамдармен арақатынасын суреттейді.



Игі шара балалардың мәдениет пен өнерге деген сүйіспеншілігін оятып, эстетикалық мәдениетін, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.  Барлығы: 150-ге жуық бала қамтылды. Іс-шараның  ұйымдастырушылары:  Алмалы ауданы әкімінің аппараты, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы  мен «Cinema Towers 3D» кинотеатры.


07.06.2017