Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.07.2016

«Мега Парк» сауда ойын-сауық орталығы алаңында «Ұлы дала елі» партиялық жобасы аясында, әрі Астана күніне орай Алмалы аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы ҚазОРҒЗО-мен бірлесе отырып медицина саласындағы қызметкерлер арасында шағын футболдан турнир өткізді


Турнирге Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, ҚазОРҒЗО (Қазақ Онкология және радиология ғылыми зерттеу орталығы), ҚКО (Қалалық кардиология орталығы), ЖККО (Жедел көмек көрсету орталығы), РМО, МЖЖС (Медициналық жедел жәрдем станциясы) және ҰОС поликлиникасы атынан келген медицина қызметкерлері қатысты.



Жарысты Алмалы аудандық «Нұр Отан» партиясының өкілі ашып, қатысушыларды мерекелерімен арнайы құттықтады. ҚазОРҒЗО-ның резидент дәрігері Құрамаев Е.А. жарыстың негізгі мақсаты - жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, әрі халық арасында денсаулықты нығайту мен сақтау жолдарын қалыптастыру екенін атап өтті. 
Турнир соңында ҚазОРҒЗО-ның м.ғ.д., профессор  Қарақұлов Р.Қ. жеңімпаздарды құрмет қағаздарымен мадақтап, кубок пен медальдарды үйлестірді. Сонымен катар, қатысушылар «Ең үздік бомбардир» - Кенжебеков Бақытжан, «Ең үздік плеймейкер» - Махсотов Марат, «Ең үздік қақпашы» - Жамалбеков Әлібек, «Ең үздік қорғаушы» - Секербеков Шоқан  номинациялары бойынша марапатталды.


07.07.2016