Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.08.2017

Спорттық жаттықтырушыны – спорттық құттықтау!


М.Ганди саябағында салауатты өмір салтын белсенді ұстанатын зейнеткерлер қауымы, өздерінің таңғы жаттығу қимылдар мен жаттықтырушысы Фартукова Тамараны туғанкүнімен құттықтады.



Алмалы ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсылық Әмірханов Тамара Константиқызының ақсақал қауымның спортпен шұғылдануға, олардың рухани сергектігіне қосып жүрген үлесін ерекше атап, құрмет грамотасымен марапаттыды. Атап айтар болсақ, ауа райының ыстық суығына қарамастан Фартукова Тамара бастаған зейнеткерлер тобы, таң сәріден саябақтарда жаттығуларын бастап, жастарға үлгі көрсетеді. 



Жаттықтырушы, туған күн иесі жастайынан спортпен шұғылданып, дене шынықтыру институтын тамамдап, Қазақстанның жеңіл атлетика құрамасында өнер көрсеткен. Сонымен қатар, КСРО спартакиадасының қатысушысы болған. Осы күнге дейін емханаларда дене жаттығуларымен емдеу саласы бойынша әдіскер болып жұмыс істеп келді. Зейнетке шыққаннан кейін өз денсаулығында да нұқсандар пайда бола бастап, таңертең аудан саябақтарында өз әдісімен шынығуды бастады. Артынан басқа да спортқұмар зейнеткерлер көріп, Тамараның қасында серік бола білді. Бүгінгі күні, жаттықтырушының салауатты өмір салтын үлгі етіп ұстанатын белсенділердің саны біршама. 
Аталмыш жаттығулар таңғы 8-30да басталып, жарты сағат уақытты алады. Қосылам деушілерге жол ашық!




04.08.2017