Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.09.2016

Алмалы ауданында мәскеулік суретші Владимир Потаповтың жеке көрмесі ашылды


Көрме «Tengri Umai» галереясында Алматы қаласының 1000 жылдығы мен «Аrtbat Fest 7» фестивалі аясында түндігін түрді. Өзінің Қазақстандағы алғашқы жеке көрмесі үшін Потапов кескіндемеде түс пен композиция, пішін сынды өз каноникалық заңдарын сақтап  қана қоймай, қағидаға сай екі тәсілмен: биіктету мен кесу арқылы жасауға болатын мүсін кеңістігіне де енетін «Внутри» жұмыстар топтамасын ұсынды.



«Внустри» жұмыстар топтамасы суретші ескі балалар алаңында қабатталған бояу ауқымдылығын байқап қалып, картинаға кескіннің сол қабаттарын кесу арқылы осы техниканы қолданған. Топтама одан осы процестің инверсиясымен – осы қабаттардың таза ағаш негізден қондырмасымен жалғасын тапты. 



Владимир Потапов – өткен күн мен оның қабылдануының сыртқы әсерге қарсылығын бейнелейтін, сондай-ақ, бүгінде кескіндеме қандай болуы мүмкін деген түсінікті кеңейтетін заманауи кескіндеме жанрында жұмыс істейтін мәскеулік куратор және суретші. Оның көзбе-көз шолатын тілі – бұл ол адамдардың портреттеріне, жағдай мен уақытқа жүгінетін жалпы және оқылатын фигуралық композиция жасақталатын абстрактілі пішіндердің тамаша режиссерлік етілген көріністері. Өз жұмыстары арқылы Владимир  көрермендерінен сенсорлық және ностальгиялық реакцияны – бір мезетте осы шақ пен өткенді жасырып тұрған өткен күннің болмашы көрінген түсі іспетті жауапқа қол жеткізеді.



Суретшінің өзінің жұмыс істеуін «ондай процесті тығылмақ ойынымен, рулеткамен, тіпті, мина жатқан жердің қасынан өтумен салыстыруға болады. Осы байланыстың барлығы бір негізгі белгіні – болжалсыздықты біріктіреді. Соңғысы мен үшін қателік, бақылауды жоғалту мен хаосқа пара-пар. Яғни, бұл бірнеше ауыспалы нәрселермен: қабаттың түсі,  оның қалыңдығы мен тегістігінің біркелкілігі, сондай-ақ, жарнамалар мен хабарландырулардың кездейсоқ бөліктеріне тең. Егер кескіндемені жасағанда классикалық тәсілді суретші соңына дейін қадағаласа және ол қандай да бір мөлшерде автопортрет болса, онда менің жағдайымда болжалсыздық – алдыға басатын қадамды есептеу мүмкін  еместігі, әр жаңа қабатты бұрын ашылғандармен арақатынасын белгілеу қажеттілігі бар. Мен үшін бұл кездейсоқтықпен шахмат ойнау,  оның шегін белгілей отырып, оған фигуралық көрініс бере отырып, хаосты қысқартуға тырысу болып табылады. Мен үшін келесі қадағалау  ашықтық болып табылады – маған осы ойынға қосылу ұнай бастады, менің онда ойнағым келді» деп ағынан жарылды. 



Потаповтың шығармашылық тәжірибесіндегі тағы бір тетік оның «Юрта»  атты тамаша жұмысы болып табылады. Ол суретші Ақсай-4 шағын ауданындағы тұрғын үйдің алдында салған даладағы қазақтың киіз үйінің сегіз мертрлік кескіндемсі. Өзінің көркем техникасы бойынша стилі өзге бола отырып, шығарма өткен шақты бейнелеп қана қоймай, оны қазіргі өмірмен байланыстырады.  


07.09.2016