Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.10.2016

Әйел көшбасшылығы мектебі


Алмалы ауданы әкімдігімен бірлесе отырып «Ақпараттық-ресурстық орталық» Қоғамдық қоры семинар өткізді. Қатысушылар денсаулық сақтау және білім беру саласының өкілдері болды. Тренингте саяси PR саласының маманы жаттықтырушы Турабекова Б.Б. сөз сөйледі.



Жобаға қатысушы әйел азаматшалар (Алматы қаласының барлық сегіз ауданынан) өмірдің барлық саласында (бизнес, мемлекеттік басқару, қоғамдық қызмет, журналистика және т.с.с.) мансап жолында жетістікке жетуге кедергі келтіретін проблемаларды анықтау қорытындылары бойынша шеберлік-сыныптарын тыңдады.

 

«Ақпараттық-ресурстық орталық» Қоғамдық Қоры Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Алматы қаласының сегіз ауданында 2016 жылдың шілде мен қазан айлары аралығында «Әйел көшбасшылығы мектебі» жобасын жүзеге асыруды жалғастыратын болады. 



Мақсат:
әйел адамдарды үйрету және мемлекеттік органдардағы басшылық қызметтерге жетуге ықпал жасау. 



Негізгі тақырыптар: «Саясаттағы имидждік коммуникациялар», «Шешендік өнер», «Қазіргі заманғы әйел азаматшаның кәсіби жетістіктері және оның критерилері», «Ұжымдағы кикілжіңсіз және қақтығыссыз қарым-қатынастарды қалыптастырудағы, оларды болдырмау мен жою бағытындағы көшбасшының ықпалы», «Қаржылық сауаттылық».


07.10.2016