Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.10.2019

Алмалы ауданының 15 көпбалалы отбасы «Арбат» алаңында өткен жалпықалалық жәрмеңкеге қатысты»


«Mini kasibim» жобасының қатысушылары үй торттарын, маусымдық дайындама, кондитерлік өнімдер дайындауда өз шеберліктерін көрсетті, қол өнер туындылары және т.б. ұсынылды.



«Менің кәсібім» жобасы аз қамтылған, көп балалы отбасыларға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғаларға кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және өз ісін ашуға қолдау көрсетуге бағытталған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша осы жобаны іске асырумен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен авторы Айжани Нұрланова айналысады. Жалпы үйлестіруді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүзеге асырады.
Алғашқы меморандумға Алматы әкімдігі мен «Менің кәсібім» жобасының авторы Айжани Нұрланова қол қойды. Алдағы уақытта осындай меморандумдар барлық облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерімен жасалатын болады. Жоба аясында мұқтаж азаматтарға үй бизнесін жүргізуге көмек көрсету қажет.
Осындай жоба пилоттық режимде Маңғыстау облысында Айжани Нұрланова сәтті жүзеге асырылды, онда 250-ге жуық адам жеке кәсіпкерлікті жүргізудің негізгі дағдыларына оқытылып, жеке ісін ашты.


07.10.2019