Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.11.2016

Алмалы ауданында әйелдердің саясаттағы табысты әрі тиімді алға басу сұрақтарын талқылады


Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасы аясында Ішкі саясат басқармасы Қоғамдық Кеңестің дөңгелек залында «Жобаның қорытындысын жасау, әйелдердің саясатта әрі қарай сәтті әрі тиімді алға басуы үшін нұсқаулықтар әзірлеу» тақырыбына «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.
Аталған шараны Алматы қ. Ішкі саясат басқармасы, Алматы қ. Қоғамдық Кеңесі мен Алмалы ауданы әкімі аппаратының қолдауымен «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ ұйымдастырып отыр.



Аталған шараның мақсаты Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру нәтижесін Алматы қаласын мысалға ала отырып талқылау болды. Жобаның қорытындысын жасау, әйелдердің саясаттағы әрі қарай сәтті де тиімді ілгерілуі үшін нұсқаулықтар әзірлеу де көзделді.Дөңгелек үстел отырысына: ҮЕҰ өкілдері, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, Кәсіподақтың Алматы одағының өкілдері, сондай-ақ, Алматы қ. бүкіл аудандарының әйелдер ісі мен отбасылық-демографиялық саясаты істері бойынша комиссия өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелдің тізгінін Алматы қ. мәслихаты VI  шақырылымның депутаты Нұрия Ниязова қолға алды. 
Гендерлік саясат сұрақтарын талқылауды өз сөзімен Алмалы ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ләззат Мәмедова бастап, «Қазақстандағы әйелдер әрқашан Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласады.  Бүгінгі таңда әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер арасындағы қызметкерлердің 60%-ға жуығын әйелдер құрайды. Қазақстандағы сот жүйесінде қызмет ететіндердің 61%-ы – әйелдер. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің де шамамен 40 пайызы – нәзік жандылар. Одан басқа, Алмалы ауданының әйелдері әйелдердің көшбасшылығын ілгерілетуге белсенді қатысады. Мысалы, Алматы қалалық мәслихатына Алмалы ауданының атынан түскен жаңа шақырылымының бес депутатының екеуі әйелдер, өткен шақырылымдарда мұндай жайт болмаған. Іс жүзінде әйелдер мен ерлердің еңбек нарығындағы тең ұсынылуына қарамастан, олардың еңбекпен қамтылу сипаты айтарлықтай  ерекшеленеді: әйелдер денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет (76,2%), күнкөріс пен тамақтану бойынша қызметтер (72.5%),  білім беру (75,2%) сынды салалардағы жалпы қызметкерлердің жалпы санының 70%-ын құрайды. 
 Сонымен қатар, бүгінгі таңда атқарушы және сайланған биліктің басқару бөлігіндегі әйелдердің санын ұлғайту қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі қоғам алдында тұрған стратегиялар мен міндеттер – бұл азаматтардың өзін-өзі танытуы үшін қоғамның құқықтық және саяси мәдениетін арттыру, сондай-ақ, саясат, әлеуметтік-еңбектік және отбасылық қатынастарды  қосқанда, өмір сүрудің бүкіл салаларындағы жыныс теңдігін қамтамасыз ету, гендерлік теңдікке қол жеткізу, отбасы беделін арттыру, отбасы мен некенің құндылығын насихаттау, гендерлік теңдік сұрақтары бойынша халықтың құқықтық ақпараттануын жақсарту. Соған байланысты, бүгінгі таңда әйелдердің іскерлік, әлеуметтік-мәдени және саясат, PR-жылжыту саласында әйелдердің көшбасшылық әлеуетін қалыптастыру мәселесі, сондай-ақ, көшбасшысының табысты имиджін қалыптастыру қазіргі әйелдер үшін басымдылық болып табылады» деп атап өтті.
Сонымен қатар, «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ директоры Алтынай Көбеева, «Кәсіподақтардың Алматы одағы» кәсіподақтардың аймақтық бірлестігінің төрайымы Тамара Глазкова; Алматы қ. әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат істері бойынша комиссияның мүшесі Клара Летникова; саясаттану ғылымдарының кандидаты, саяси PR саласының маманы Бақытгүл Турабекова; бизнес-тренер, коучер, кеңесші Ғалым Жұқыпбаев баяндама жасады.
Одан бөлек, аталған шара аясында отбасылық құндылық пен гендерлік теңдік тақырыбына БАҚ үздік жарияланымы үшін журналистер арасындағы қалалық байқаудың жеіңмпаздарын марапаттау рәсімі өтті.  


07.11.2016