Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.12.2017

Алмалы ауданында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос орындар жәрмеңкесі өтті


Алмалы ауданында  «Mega Park Almaty» сауда-сауықтыру орталығында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес Агентігі мен «Нұр Отан» партиясының қолдауымен   Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос орындар жәрмеңкесін»  ұйымдастырып  өткізді.



Шараның мақсаты:  электрондық қызметтерді насихаттау және олардың сапасын арттыру, жемқорлық байланыстарын азайту, электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларын интерактивті үйрету, электронды мемелкеттік көрсетілетін қызметті пайдалануды халық арасында насихаттау.



Жәрмеңкеге келген барлық азаматтар онлайн-қызметтерді ұсыну мүмкіндігін кеңейту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу дағдыларын интерактивті оқыту бойынша мемлекеттік органдар мен аумақтық құрылымдық бөлімшелерден барынша көмектер алды. Сондай ақ аудандағы мемлекеттік органдардағы бос орындар туралы ақпарттармен танысты.
Жәрмеңкеге 21 мемлекеттік органдар және «Атамекен»ҰКП,   «Даму»КДҚ АҚ, « ССМҚ» АҚ сияқты 3 үкімет емес ұйымдар қатысып, білім, денсаулық сақтау, архитектура, жер мәселелері, тұрғын үйлер, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту салалары бойынша қажетті ақпараттармен бөлісті.



«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесіне Алмалы ауданынан 2526 адам қатысты, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сұрағы бойынша -2119, бос орындар туралы сұрақтар бойынша -407 адам қатысты. Олардың ішінде 58 адамға  Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамту сұрағы бойынша белсене атсалысты.



Бұдан өзге жәрмеңкеге келген азаматтар бірнеше минут ішінде электронды қолтаңда  алуға  мүмкіндік алып, оны алу тәртібі түсіндірілді.



Шараға қатысушылардың басым бөлігін азаматтық жағдай актісін тіркеу, кәсіпкерлік, жылжымайтын мүлікті тіркеу, сондай-ақ аудан аумағындағы бос орындар туралы сұрақтар қызықтырды.



Бұдан өзге жәрмеңкеге  қажеттілік туындаған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізген денсаулық сақтау саласы қатысты.



Азаматтарға қолжетімді және тиімді кеңестер беру мақсатында жәрмеңкеде мемлекеттік органдармен ақпараттық видероликтер көрсетіліп,  буклеттері  таратылды.



Жалпы Алматы қаласы бойынша  48 мемлекеттік органдармен   353 мемлекеттік   қызметтер көрсетіледі.








07.12.2017