Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.12.2018

Алмалы ауданында «Мүгедектер күніне» орай экскурсия ұйымдастырылды


Алмалы ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен Туризм және қонақжайлық индустриясы колледжі және Алмалы ауданының мүгедектер қоғамы бірлесіп, Алмалы ауданында тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарға Алматы музейі және Халық аспаптары музейлерінде «Мүгедектер күніне орай» мүмкіндігі шектеулі жандарға көтеріңкі  көңіл сыйлау, ізгілік пен мейірімділікті насихаттау, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау арқылы рухани құндылықтардың  маңыздылығын ашып көрсету  мақсатында экскурсия ұйымдастырылды.





Аталмыш  іс-шарада  Алматы музейінде  қазақ этнографиясының бірегей жинағы мен  сондай-ақ,  қазірде  Алматыда тұратын халықтар өкілдерінің этнографиясы, әртүрлі дәуірлер мен мәдениетер тұрмыстық заттарының коллекциияларын тамашалаумен қоса, мәдени және табиғи ландшафт сақталған «Боралдай сақ обалары» патшаларды жерлеу кешендерімен танысуынан бастау алды. Ұлттық мәдениетіміздің мәйегі Халық аспаптары музейіне саяхат жасау мен жалғасын тауып,  сәулеті келіскен әсем ғимаратта орналасқан музейдің құнды жәдігерлері мен танысу мүмкіндігіне ие болды.



Музейде сонау есте жоқ ескі күндерден келе жатқан бақсы- балгерлер тұтынған жәдігерлерден бастап, жыршы, әнші, күйші композиторлар ұсынған музыкалық аспаптар- қобыз, домбыра, сырнай, сыбызғылардың қорымен танысты. Бұл мүгедек жандардың үлкен қызығушылығын туғызып ерекше әсерге бөледі.
        


07.12.2018