2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.05.2015

Алмалы ауданы Отан қорғаушылар күнін «Mega Park» сауда сауықтыру орталығында атап өтті


Мерекелік шараны «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі бастап, Алмалы ауданының шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарламамен жалғастырды.

Мерекелік жиынға жиналған Ұлы Отан соғыс ардагерлері, еңбек майданына қатысушылар, Ауған соғысы ардагерлері мен аудан тұрғындары алдында «Ұлан» әскери-патриоттық ойынға қатысушылар салтанатты сап түзеп жүрді.

Шара аясында Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер Бас Қолбасшысы - Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Отан қорғаушы күні және Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 70 жылға арналып өткен әскери парад тікелей эфирден тамашаланды.

Еліміздің мақсаты мен мүддесін қорғап жүрген антына адал, сертіне берік Отан қорғаушылардың мәртебесі мен мерейі қашан да асқақ еңбегі ерен. Қазақстанның Қарулы күштері - мемлекеттің экономикалық қуаты мен әлеуметтік дамуының жинақталған көрінісі.

Қазақстан Қарулы күштерінің алдында бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, республика аумағының тұтастығын қорғау елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстанның өмірлік маңызды мүдделерін тиімді қорғау міндеті тұр.

Қарулы Күштер қатарындағы қызмет әрбір қазақстандықтың құрметті міндетіне, аға буынның қаһармандық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің қуатты өнегелілік мектебіне айналуда.

08.05.2015