Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.06.2015

Алмалы ауданы әкімінің сайтына ҰОС еңбек майданына қатысушы ардагерлерінен аудан басшысы Серік Құсайыновтың атына алғыс хат келіп түсті


Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі

 Құсайынов Серік  Досымханұлына 

Мен, Арутюнов Эдуард Апетнакович, 1925 жылы Тбилиси қаласында туылғанмын, ұлтым армян. ҰОС еңбек майданына қатысушы мүгедек, зейнеткермін, «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы» төс белгісімен марапатталдым. 

Менің жұбайым Стадник  Людмила  Александровна,  зейнеткер,  мүгедек,  ұлты орыс, 1929 жылы Өзбек ССР Қоқанд қаласында туылған. ҰОС еңбек майданына қатысушы, «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы» төс белгісімен марапатталған. 

Құрметті   Серік  Досымханұлы, Мен  және менің жұбайым 9-мамыр Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып көрсеткен сый құрметпен 25000 теңге және азық-түлік   көмегіңізге   шексіз алғысымызды білдіреміз. 

Сіздің ауданымыздың жалғыз басты қарт, зейнеткерлері мен ҰОС және еңбек майданына қатысушы ардагерлерге көрсетіп жүрген құрмет ілтипатыңыз үшін үлкен алғыс білдіріп, рахмет айтамыз. 

Сізге зор денсаулық, отбасы бақытын және еңбегіңізге табыс тілейміз. 

Ізгі ниетпен Эдуард  Арутюнов   

Стадник Людмила 

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Алмалы ауданында 165 Ұлы Отан соғысы және еңбек майданына қатысушылар тұрады. Олардың ішінде 6 соғыста қаза тапқан ардагерлердің жесірлері, 24 блокадада болғандар, 19 концлагер тұтқындары, 3 880 тыл еңбеккерлері. 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен   Алматы қаласы Алмалы ауданында  4277  ҰОС ардагер « Ұлы Жеңістің 70 жылдық» мерейтой медальмен марапатталды, оның ішінде 165 Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектер, 4 ерікті жалдамалы ардагерлер, 24 Ленинград шайқасында болған тұрғындар , 19 кәмелеттік жасқа толмаған фашистік тұтқында болған,  4065 еңбек майданына қатысушылар.

08.06.2015