Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.01.2019

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау Алмалы ауданында өтті


Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының Алмалы аудандық бөлімінде бөлім басшысының м.а. Аннабигина Людмила Усербаевнаның төрағалығымен және аудандық бөлімінің мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 05.10.2018 ж. «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Қазақстан халқына Жолдау талқыланды.
Отырыстың басында Алмалы аудандық бөлімінің басшысының м.а. Аннабигина Л.У. қатысушыларға Елбасының жолдауында көрініс тапқан өзекті мәселелерді атап өтті.
Жиналғандар алдында бас маман Жантөре Ғалиев баяндама оқыды. Ол Президент Жолдауының негізгі әл-ауқатымыздың сипаттамалары туралы  және олардың негізгі бағыттарын айтты, ол Президент жолдауында көрсетілген бағыттардың мәнін және қойылған негізгі мақсаттарын анықтап түсіндіріп көрсетті.
Президент осы жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән берілгені туралы баяндамашы атап өтті.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының Алмалы аудандық бөлімінің қызметкерлері белсене қатысты.
Олар Президентіміздің осы Жолдауы игілікті істерге серпіліс беретін, жаңа табысты экономикаға мол мүмкіндік ашатын құнды құжат деген пікірлерін білдірді.


08.01.2019