Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.02.2019

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы аясында Алмалы ауданында кезектен тыс ХXV-конференция өтті


Бүгін, Алматы Мемлекеттік бизнес-колледжінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына арналған Алмалы аудандық филиалының кезектен тыс ХXV-конференциясы өтті.



Конференция делегаттарының алдында «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәжитов Саттар Фазылұлы құттықтау сөз сөйледі. Осы жылдар ішінде партия өзінің қалыптасуы мен дамуы барысында елдің жетекші саяси күшіне айналғанын атап өтті.
«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының бірінші орынбасары Ерлан Әлбисенов Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы баяндама жасады. 



Конференцияның делегаттары мен қонақтарына «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі ережелерімен Алматы қалалық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық  филиалының Саяси кеңес Бюросының мүшесі, «Тұран» университетінің ректоры Алшанов Рахман Алшанұлы таныстырды.
Конференция делегаттары партия бағдарламасының жобасын мақұлдап, бірауыздан қолдады.
Конференцияда «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланды.


08.02.2019