Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.04.2017

2016 жылы Алмалы ауданында балалардың кеңінен таралған есімдері


2016 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының Алмалы аудандық АХАТ бөлімінде  туу туралы 5330  акт жазбалары тіркелді, ал 2015 жылы  4620 бала тіркелген болатын. Жыл сайын орташа есеппен 300-400 нәресте куәлік алады. Ата-аналар өз балаларына қай есімдерді көп таңдайтынына келсек, қыздарға – Айару, Айлин, Аиша, Раяна, Дария, Айша, Виолетта, София, Мелиса, Елизавета,  ұлдарға – Айсұлтан, Мансұр, Мүсілім, Аңсар, Макар, Тимофей, Марк, Даниэль есімдерін қалайды. 



АХАТ бөлімінің мамандары барлық ата-ананы сәбилерінің туу туралы куәлігін өз уақытысында алуға шақырады және әрбір отбасына құт-береке мен гүлдену тілейді.  
Баланың тууы – әрбір отбасы үшін маңызды және қуанышты оқиға. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-анасы оның бірінші құжаты - туу туралы куәлігін алуға тырысуы қажет. 
Бұрындары баланың тууын екі айдың ішінде тіркесе, енді өткен жылдан бастап әрбір нәресте туғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей тіркелуге міндетті екенін есіңізге салғым келеді.  Бұл өте дұрыс, өйткені ол өз елінің азаматы атанып, өз құқықтары мен міндеттерін, ЖСН, жәрдемақы, медициналық көмек, т.б. алуы тиіс. Сондықтан ата-аналар сәбиі  туған алғашқы күндерден бастап туу туралы куәлігін алуға қам жасауы тиіс. 
ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 188-бабының негізінде  баланың тууын мемлекеттік тіркеу баланың туылған жерінде немесе ата-анасының тұрғылықты жері болмаса олардың біреуінің  туған жері бойынша тіркеу органдары арқылы жүзеге асырылады. Ата-анасының тұрғылықты жері олардың заңды мекен-жайына сәйкес анықталады.
Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар қабылдау мына органдар арқылы балама негізде жүзеге асырылады:
- Тіркеуші орган (АХАТ)
- «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы  коммерциялық емес қоғамдастығы;  
- www.egov.kz  электрондық үкімет веб-порталы.      
Егер баланың тууын мемлекеттік тіркеуге ата-анасы емес, басқа адамдар өтініш берсе, бұл адамдар жеке басын куәландыратын құжатын, сондай-ақ тууды тіркеуге өкілеттігін растайтын құжатын,  ата-аналардың жеке куәліктерін, неке туралы куәлік пен баланың туу туралы медициналық куәлігін ұсынуы тиіс. 
Арада үш күн өтіп кетсе, құжаттардың пакеті арта түседі:  аталған құжаттармен қатар баланың денсаулығы туралы анықтама, кешіктіру себептері жайлы ата-анасының түсініктемесі, сондай-ақ баланың туылған жері және ата-анасының тұрғылықты жерінен ешқандай жазбаның жоқтығы жайлы анықтама қажет.  
Тууды мемлекеттік тіркеу кезінде баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Ата-аналар тегi әртүрлi болған жағдайда, балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе шешесінің тегі беріледі. Баланың тегі ата-анасының өтініші бойынша, ұлттық салт-дәстүрге сәйкес, екі жақтың үлкендері, яғни аталарының есімдерімен де аталуы мүмкін.   
      
В.В.Остапенко                Алматы қаласы Алмалы аудандық АХАТ бөлімінің басшысы 








07.04.2017