Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.04.2017

Алмалы ауданында Халықаралық балалар кітабы күні аталып өтілді


№29 ОКЖ кітапханасының алдындағы алаңда Халықаралық балалар кітабы күні аясында кітап апталығының ашылуы өтті. Оған И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері, сондай-ақ, «Шебер қол» және «Домбыра» үйірмелерінің оқушылары қатысты. 



Игі шараның мақсаты – оқырмандардың бойындағы кітап оқуға деген сезімді дамыту, қазақстандық авторлардың жаңа туындыларымен таныстыру, сүйікті туындыларының авторларымен кездесуге мүмкіндік ұсыну, сондай-ақ, әдеби әлемнің шексіздігіне түсінік беру.



Аталған шара аясында концерт ұйымдастырылып, балаларға сыйлық ретінде кітаптар берілді. «Домбыра» үйірмесінің оқушысы Ақбаян Ырғынбекқызы «Жасырынбақ» әнін, оқушы Нұрбек халық күйі – «Келіншікті» орындады. Үйірменің жетекшісі Ардақ Өміртайқызы қонаққа келген балаларға арнап квилинг және оригами, биссерден өрнек тоқу және өрнектеп тігу бойынша шеберлік сағатын өткізді. 






08.04.2017