Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.05.2019

Жеңіс күні қарсаңында Алмалы ауданының әкімі Торғаев Бекқали Ұлы Отан соғысының ардагері Баранова Екатеринаны құттықтады


Алмалы ауданы әкімінің аппараты Ардагерлер Кеңесімен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері Баранова Екатеринаға қонаққа барып, келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап қайтты.



Баранова Екатерина Александровна -1943 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, 1-ші Украин Фронтының ауруханасының құрамында болып, соғыс аяқталғаннан кейін Чехословакиядағы медициналық қызметтің аға лейтенанты болды.
Аудан басшысы мен ардагердің әңгімелесу барысында негізгі тақырып өткен жылдардағы әскери оқиғаларыжәне қоршаған әлемнің қазіргі заманауи түсінігі болды.
Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және тыл еңбеккерлерін құттықтау үшін аудандағы барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер, соның ішінде жеке ұйымдар да қатысады. Бүгінгі күні Алмалы ауданында   53  ҰОС қатысушы мен мүгедектері тұрады. Сонымен қатар,  соғыста қаза тапқан ардагерлердің 2 жесір әйелі, Ленинград блокадасына қатысқандар 15, концлагерь тұтқыны болғандар  14 және 2885 тыл  ардагері тұрады.
Естеріңізге сала кетсек, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына орай, 2019 жылы 09 мамырда сағат 11.00-де Әлия мен Мәншүктің (Абылай хан даңғылы Төле би көшесі) орталық саябағында мерекелік іс-шара өтеді. 


08.05.2019