Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.09.2016

Алмалы аудандық отбасы күні


Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Отбасы -  болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірек-арқауы, жеке тұлғаны  әлеуметтендіру  міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне,шынығуына,рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды, рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын  тәрбиелеуге  ықпал  жасаушы,бала тәрбиесінде  адамзат қоғамның  тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы. Елбасы мемлекет – отбасыдан басталатынын және біздің қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығы белгілі.Елбасының 2013 жылғы 1 наурыздағы №511 жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні деп бекітілген. Отбасы күнін Қазақстанда Республика көлемінде жыл сайын тойланады.



Осыған орай, Алмалы  аудан  әкімінің аппараты бірнеше игі  іс - шаралар ұйымдастырады. 
Әлеуметтік  іс-шаралардан жағдайы төмен отбасылардан 80 бала  кино және қазақ циркінің тегін көрермендері болса, «Мектепке жол» акциясы аясында көп балалы және аз қамтылған отбасыларға едәуір көмек көрсетілді.



Сонымен қатар, Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығында отбасын жоспарлау мен адам  ұрпағын   өрбіту,денсаулықты қорғау мәселелері бойынша семинар – тренинг, № 1 перзентханада  жас  аналарды  құттықтау,Алматы  Технологиялық  Университетінде көп  балалы аналардың «Ұяда не көрсең, ұшқанда  соны ілерсің» жастармен кездесуі,қыркүйек айының соңына дейін  қалалық емханаларда ашық есік күндері, мүгедек  балалар мен  ата-аналарының қатысуымен Алмалы аудандық  оңалту және бейімдеу орталығында «Бақытты отбасы» мерекелік концерті, Mega Park  ойын сауық  орталығында «Жұлдыздармен  бірге» отбасылық  бағдарламасы өтеді
Және де,  мәдени іс –шаралардан  аудан мектептерінде «Әлем үйінде» атты ақпараттық –идеологиялық акция, аудандық кітәпханалардағы әдеби – поэзиялық кештер, «Тенгри Умай» галереясында заманауи өнер мен отбасылық туындылардың көрмесі, сурет конкурстары,  Алматы индустриалды  колледжде  «Анашым мен сені жақсы көремін» тақырыбында флэш-моб, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педогогикалық университетінде «Әйел мәселесі – әлем мәселесі», «Қазақ  қызы – бүгінгі перзент ертеңгі ана» дөңгелек үстел.
Спорт  саласында, оқушылар  мен ата-аналар арасында  «Әке, ана  және  мен » тақырыбында спорттық сайыстар, «Бастау» бильярд клубында бильярд турнирлері өтуде.
Алмалы ауданы әкімінің аппараты қыркүйек айының аяғына дейін  көптеген  қайырымдылық, танымдық және қызықты іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.
      


08.09.2016