Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.09.2017

Алмалы ауданында «Астана» алаңын қайта жасау жұмыстары аяқталды


Алматыда жаяу жүргіншіге басымдық беретін қайта жасалған «Астана» алаңы ашылды. Түн мезгілінде ерекше жарықпен нұрланатын екі құрғақ фонтаны бар алаңның ашылу салтанатына мегаполис әкімі Бауыржан Байбек қатысты.



Белгіленген мерзімінен бұрын ашылған «Астана» алаңында қозғалыс бөліктерінің жолақтары қысқарған, жүргіншілер көлік легінен боллард арқылы бөлінген.



Босаған кеңістіктерге веложолдар жасалған, гранит тастар төселген, сонымен қатар олар дерндермен жасылдандырылған, лаванда клумбаларымен әрленген. Сатылы эспланада жаңартылған, олардың алдына түн мезгілінде ерекше жарықпен нұрланатын екі құрғақ фонтан орнатылған.



Классикалық стильде жасалған жарық көздері өте әдемі, алаңға урналар, шағын дүкендер, авторлық кіші пішінді архитектуралық формалар қойылған. Алаңның оңтүстік жағындағы тротуарға тас төселген және абаттандырылған. Қазан айында мұнда жалпақ жапырақты жасыл аллея пайда болады.



Қайта жасалған «Астана» алаңын ашу барысында қала тұрғындары мен қонақтары үшін театрландырылған көріністер, би перфоманстары, фотоаймақтар мен ретроинсталляциялар және басқалары ұйымдастырылды.



Айта кетерлігі, жүргіншіге басымдық беретін Кабанбай батыр, Панфилов, Жібек жолы және Гоголь көшелеріндегі жұмыстар одан әрі жалғасуда. Кіре берістер тегістелуде, олар бірыңғай стильмен жасалуда, ғимараттардың сырттары жаңаруда. Жасыл желекті автоматты түрде суарудың жаңа жүйесі тартылған, арықтарға жаңа лотоктар төселген, бірқатар учаскелерге тас төсеу аяқталған, құрғақ фонтандар, жүргінші бағдаршамы, шырақтар, кіші пішінді архитектуралық формалар орнатылған.



Қала күніне барлық обьектілерге жаңа тас төсеуді, кіші пішінді архитектуралық формалар қоюды,жасылдандыруды, жарық көздерін, құрғақ фонтандар орнатуды, демалыс аймағын, балалар алаңдарын, веложолдарды жасауды толық аяқтау жоспарланған. Ағаш отырғызу маусымы жасыл желектің терең тамыр жаюы үшін күз мезгілінде атқарылады. Олар - биік болып өсетін қайың, терек және басқа да ағаш түрлері. Жалпы, барлығы 330 мың шаршы метрден астам аумақ жасылдандырылады.




08.09.2017