Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.11.2017

Ғасырдың теңдесі - Берденов Әбен Тұрсынбайұлы


Алмалы ауданы әкімінің аппараты және Аудан ардагерлері кеңесі Ұлы Отан соғысының ардагері Әбен Тұрсынбайұлын 100 жасқа толу мерейтойымен құттықтады. Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова бұл ерекше мерекеде ардагерді құттықтай отырып, оған жақсы денсаулық пен ұзақ өмір тіледі! Мұндай оқиға әр адамның өміріндегі ең керемет жәйт деп айтуға болады, өйткені 100 жыл өмір сүру бұл 1 ғасырдың тірі тарихы. Абен ата қонақтарды үйде жылы қарсы алды және кездесу барысында өткен өмірін еске алып, қызықты жайттар туралы қонақтарды еліктіре отырып айтып берді.



Берденов Әбен Тұрсынбайұлы – 1917 жылы 7 қарашада Қарағанды облысы Ұлытау ауылында дүниеге келген. Ол бүгін де соғыстың алғашқы күндерін сол баяғыдай есінде сақтаған. Майданға 1941 жылдың 15 тамызында 24 жасында Қазақ педагогикалық институтының соңғы курсында оқып жүріп, сессиясын енді жапқан кезде  алынады. 1938 жылы ол Алматыдағы ҚазПИ химия-биология факультетінің бірінші курсына түскен екен.



1941 жылғы желтоқсан айында бірінші рет жараланып, госпитальға жөнелтіледі. Одан соң Батыс шебінде 449-шы атқыштар полкінде болады. 1942 жылы Ржев маңында екінші рет жараланады. Оқ жүрегін жанай өткен екен, командир оны қайтыс болды деп ойлап, үйіне «қара қағаз» жөнелтеді, бірақ Әбен Тұрсынбайұлы аман қалады. Ұлы Отан соғысының ең қанды бөлігі – Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысқан. 1941 жылы Әбен ата өзінің Мәскеуді қорғағаны үшін  1-ші естелік орденін, Отан алдындағы сіңірген ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз Орденін және 1-дәрежелі Ұлы Отан соғысы Орденін иеленеді. Әбен Тұрсынбайұлының костюмінде төсбелгілер мен марапаттары көп ілінген. 1945 жылғы 15 қарашада ол әскерден қайтарылады, бірақ Отанына тек 1,5 ай өткенде ғана оралады.



Соғыс аяқталған соң институтты аяқтап, еңбек жолын  Әбен Тұрсынбайұлы қатардағы оқытушы, мектепте оқу ісінің меңгерушісі, директор қызметінен бастайды. 1977 жылдан бастап – еңбегі сіңген зейнеткер. Қария жеті баланы тәрбиелеп өсірген, бүгінгі таңда немере мен шөбере сүйіп отыр.
 


08.11.2017