Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.10.2015

Алмалы ауданы әкімі Серік Құсайынов 101 жасқа толған аудан тұрғынын туған күнімен құттықтады


«Ғасыр құрдасы» акция шеңберінде Алмалы ауданы әкімі Серік Құсайынов ауданның ұзақ ғұмыр сүрушісі, 101 жасқа толып отырған Шәкен Қожанованы мерейтойымен құттықтап, ғасыр құрдасына ұзақ өмір тіледі.

Өз кезегінде Шәкен апа өзінің өмірі мен еңбек жолы туралы әңгімелеп берді.

Шәкен Қожанова Қарағанды облысы Қарқалы ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын  жастайынан Байкалда теміржол вагондарын жасаумен бастап айналысқан. 1959 жылы Аягөзге қоныс аударып, Түркістан-Сібір теміржолында еңбек жолын жалғастырады. Ұлы Отан соғысы жылдары жұбайы майданға аттанып, кавалерия дивизиясында әскери борышын өтеп жүріп, шайқаста қаза тауып, бауырлас зиратында жерленеді. Шәкен апа көп жылдар бойы жұбайын іздеумен айналысып, 60 жылдан соң Ресей Федерациясы Орлов облысы, Хотынец ауданында зиратын табады. 1990 жылдардың басында Шәкен Қожанова Алматы қаласына көшіп, қазіргі уақытқа дейін осында тұрады.

Шәкен апа бір ұл тәрбиелеп, одан екі немере, үш шөбере сүйіп отырған асыл жан.


09.10.2015