Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.01.2018

Мәжіліс депутаттары Алматыдағы Кардиология орталығының қызметі мен танысты


Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Гүлнәр Иксанова, Серік Сейдуманов қалалық кардиология орталығының жұмысымен танысып, ұжымымен кездесті. Нұротандық депутаттар жиын барысында «100 нақтықадам» Ұлттық жоспарын, ҚР Президентінің Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» мақалаларын іске асыру жолдарын талқылады.



Қазіргі күні Алматы қалалық кардиологиялық орталық – ең қажетті кардиохирургиялық орталық болып табылады. Орталық соңғы бірегей медициналық құралдармен жабдықталған, қазіргі заманғы диагностика, емдеу және науқастарды сауықтыру саласында озық тәжірибесі бар және жаңа әдістерді меңгерген жоғары санатты мамандар жұмыс істейді.



Орталық Еуропаның және Азияның медициналық клиникаларымен тығыз байланыста, Оңтүстік Кореядағы клиникалар мен университеттер мен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасаған. Кардиохирургияның 2013-2017 жылдарға арналған үрдісін қадағалаудың арқасында ота жасаудың саны артуда, ал асқыну және отадан кейінгі өлім саны азған. 2017 жылдың өзінде 600-ден астам жүрекке операция жасалыпты. Орталықтың дәрігерлері депутаттарға мекеменің қызметі туралы және рентгендік ота жасау қызметін атқаратын жаңа технология Philips Allura (Нидерланды) ангиографиялық құрылғысымен таныстырды. Сонымен қатар, дәрігерлер клиникада ашық жүрек хирургиясындағы қолданатын жаңа әдіс-гибридтік операциялар жайында айтып берді. Кездесу барысында партия фракциясының мүшелері ҚР Парламенті Мәжілісінің қызметі туралы баяндап, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, сондай-ақ жүйеліре формаларды жалғастырудың маңыздылығына тап өтті. 



«Нұр Отан» партиясының сайлауады бағдарламасындағы ең басты алғақ ойған мақсаттардың бірі халықтың денсаулығын жақсарту, өмір жасын ұзарту. Күнсайын мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласына көптеген қаражат бөлінуде, дәрігерлер оқудан өтіп жатыр. Бұрынғы емханалар мен қазіргі таңдағы емханаларды салыстырсақ бірқатар оң бағытта өзгерістер бар. Біздің ауруханаларға келу себебімізден саулық сақтау саласындағы ақпараттандыру жүйелерін қолдану барысымен танысу, - деді Гүлмира Исимбаева. Медицина қызметкерлері өз тарапынан денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелер, цифрландыруды енгізу, кардиологиялық қызметтегі ақпараттық жүйелердің жай-күйіне және халықты дәрі-дәрмек пен қамтамасыз етуге қатысты сауалдарын қойды.




09.01.2018