Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.01.2019

Мерейтой иелерін құттықтау


Алмалы ауданы әкімінің аппараты және аудандық ардагерлер кеңесімен бірлесіп ауданда тұратын еңбек ардагері  Ли Татьяна Максимовнаны  100 жылдық мерейтойымен және тыл ардагері Каратай Гайнигуль Сергазиевнаны  80 жылдық мерейтойымен, сонымен қатар Том Николай Васильевичты 95 жылдық мерейтойымен құттықтады. 



Ли Татьяна Максимовна  - Алмалы ауданының ұзақ өмір сүрген құрметті тұрғыны. 1919 жылы 2 қаңтарда Қиыр Шығыста   Приморьский  өлкесінде дүниеге келген. 1937 жылы Ли Татьяна Максимовнаның отбасын КазССР Талдықорған облысы Қаратал ауданы Фрунзе совхозына көшірілді. Орта мектепті аяқтаған соң, ата-анасымен бірге совхозда егістік алқабында жұмыс істеді. 1974 жылы балабақша меңгерушісі лауазымында зейнетке шығып,  Алматы қаласына қоныс аударғанға дейін жұмысын жалғастырды. 1987 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласында тұрады. 5 баланы тәрбиелеп өсіріп, олардан 12 немере және 10 шөбересі бар. «1941-1945 жылдардағы  Ұлы Отан Соғысындағы еңбегі үшін», «Ұлы Отан Соғысындағы жеңіс үшін» 6 мерейтойлық медальдармен, Құрмет грамоталарымен, «Ауыл шаруашылығының үздігі», «Еңбек ардагері» төс белгілерімен  марапатталған. 
Каратай Гайнигуль Сергазиевна 1938 жылы 31 желтоқсанда КазССР Семей қаласында дүниеге келген. 1957-1958 жылдары орта мектепті бітіріп, 1958-1959 жылдары «Майкаинзолота» комсомол комитетінің хатшысының орынбасары, 1959-1961 жылдары Баянауыл ауданының комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарды.1961 жылы С.Киров атындағы ҚазМУ филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түсіп, 1966 жылы бітірді. Одан бөлек республикалық газетте корреспондент болып, сондай-ақ облыстық және қалалық партияларда жұмыс атқарды. «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» 5 медальмен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Целиннаның 50 жылдығы», «Еңбек ардагері» медальдарымен, КазССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Комсомолдағы белсенді жұмыс  үшін» құрмет белгісімен және басқа да құрмет грамоталарымен марапатталған.
Том Николай Васильевич 8 қаңтарда 1924 жылы Молдавиядағы «Кишинев» қаласының маңындағы ауылда дүниеге келген. Мектепті аяқтаған соң шофердың оқуын оқып, Кишинев қаласында жүргізуші болып жұмыс атқарды. Ол соғыс аяқталғанша Генерал Рокосовскийдің басшылығымен 2-ші белорус майданында  соғысты. Соғыс аяқталғаннан кейін ол Қазақстанға Целинаға жүргізуші ретінде жіберілді. Семей облысы Атбасар қаласында жүргізуші болып жұмыс істеді және үйленіп 2 бала мен 7 немересін сүйді. Том Николай Васильевич  «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлік ерлігі үшін», Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерейтойлық 14  медальдарымен марапатталған және «Өндіріс көшбасшысы» құрмет грамотасымен марапатталған. Сонымен қатар, «Еңбектің артықшылығы», «Еңбек ардагері» төс белгілерімен марапатталды. 
Ли Татьяна Максимовна, Каратай Гайнигуль Сергазиевна және Том Николай Васильевич - бір ғасырдың тірі тарихы және XX ғасырдың көптеген тарихи оқиғасы туралы естеліктерін тыңдау біз үшін қуаныш және осындай тарихи адамдарды атаулы мерейтойымен құттықтау біз үшін үлкен мәртебе.
          
     


09.01.2019