Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.02.2017

Алматы технологиялық университетінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының оқу ордасының профессорлар-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесуі өтті


Кездесудің мақсаты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 31.01.2017 жылғы Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылау болды.



Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері – Зәуреш Аманжолова және Әбдіпанап Бектұрғанов университет оқытушылары мен студенттеріне Елбасы Жолдауының түйінді мәселелерін түсіндіріп берді.
Ұзақ жылдар бойы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін басқарған профессор Әбдіпанап Бектұрғановтың баяндамасы еліміздің білім беру жүйесін реформалауға арналды. ҚР Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы Үндеуіне тоқталып, халық қалаулысы «Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігінің артуы ел тұрғындарының мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде білім беру саласындағы бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысуға мүмкіндік беретінін» атап өтті. 



Зауреш Аманжолова өз сөзінде Елбасы Жолдауындағы бес басымдықтың әрқайсысына жіті тоқталды. Басымдықтың әрбір тармағын нақтылы мысалдармен және статистикалық деректермен негіздеп, депутат соңғы жылдары ұлттық дамудың негізгі салалалары бойынша атқарылған шараларды айқын көрсетіп берді. Кадрларды кәсіптік даярлау, үштілдік білім беруге көшу, міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру және азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру – осы және басқа да салалардағы өзгерістер халық қалаулысының басты назарына ілікті.
Қонақтардың баяндамаларынан кейін АТУ ғылым және инновация жөніндегі проректоры, профессор Майгүл Қизатова Президент Жолдауындағы идеялар университет тарпынан үлкен қолдау тапқанын жеткізіп, өз кезегінде оқу ордасының оқу-ғылыми жетістіктеріне тоқталды. Мәселен, бүгінде АТУ ғалымдары инновациялық азық-түлікті және тоқыма материалдарын өндіру және өндіріске енгізу бойынша зор жетістіктерге қол жетізіп отыр. Осы ғылыми әзірленімдердің көбісі жақын арада Қазақстанның және жақын шет елдердің нарығына шығатын болады.



Әлбетте, Мемлекет басшысы Жолдауының идеялары мен мазмұнын жас ұрпаққа түсіндіру бәсекеге қабілетті әрі еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие мамандардар даярлайтын жоғары оқу орнының бірден-бір міндеті болып табылады. Ел дамуының басымдықтары туралы тұтастай көзқарасын қалыптастырған студенттер осылайша ұлттық даму мен өркендеу идеясын да бойына сіңіретіні анық. 


09.02.2017